Менің сүйікті кітабым
Шаяхмет Абылайхан
9 сынып, М.Әуезов атындағы орта мектебі
Бәйдібек ауданы
Жетекшісі: Әлжанова С.С.
9 сынып, М.Әуезов атындағы орта мектебі
Бәйдібек ауданы
Жетекшісі: Әлжанова С.С.
Қыркүйек айы болатын. Осыдан бір жыл бұрын мен оқитын мектептің мемориалдық мұражайына саяхат жасағанымыз бар. Ұлы жазушы М.Әуезовтың туған күні қарсаңында өтілетін арнайы сабақ пен түрлі мәдени іс-шаралардың мазмұны қандай әсерлі. Сондай бір кезде мұражайда ілінген суреттер тарихына көз жүгірттім. Ғұлама жазушының біздің Шаянға келіп, бірнеше күн қонақ болғаны, халықпен жүздесіп, өмір түйіткілдерін сезініп,ауданның әлеуметтік тіршілігіне, рухани жағдайына, әсіресе , өнер-білімге көп көңіл бөлгенін білдім. Мектептің атақты жазушы есімімен аталуы да тегін емес екен. Тәрбие көзі білім ошағынан таралатынын айта келіп, ауылдағы ескі мектеп жайын көрген жазушы осы мектептің салынуына мол үлес қосыпты. Әрине, сондықтан да қарашаңырақ мектеп емес пе ?!
Тарихтан сыр шертер суреттер мен көне жәдігерлерді таныстырып жүрген мұражай меңгерушісі :
-Мына суреттегі кісіні танисыңдар ма ? - деп, М.Әуезовтың қасында басына қара шляпа, үстіне сәнді ұзын плащ киген сымбатты кісіні көрсетті. Біз жапа-тармағай «Иә» десіп, білгенімізді айтып жатырмыз.
-Ол кісі - біздің жерлесіміз, жазушы Еркінбек Тұрысов. Мұхтар аталарың Шаянға келгенде Еркінбек ағаларыңның үйінде қонақ болып, киелі өңірдің тылсым табиғатын бірге тамашалап, талай шығармаларды тудыруға оң ықпал еткен жан. Жазушының аяқталмай қалған «Өскен-өркен» романы осы сапардың жемісі, - деп апай бізге түсіндіріп берді.
Осы кезде мені бір сұрақ мазалады. Өзіміз мақтанышпен айтатын Еркінбек аға туралы не білеміз ? Оның дарынды жазушы екенін, бірнеше кітаптардың авторы екенін білемін, алайда қысқа әңгімелеріне көз жүгірткенім болмаса, барлық шығармаларын толық аяқтап оқымаппын. Ұят-ай! Қазаққа танымал «Бәйдібек», «Темірлан», «Нұржаудың нұрлы күндері», «Құралай жолы » т.б әдебиет әлемін елеңдетіп, жауһарларымен байытқан туындыларын шала біліп, мазмұнын толық меңгермегенім үшін өзімді іштей кінәлап, қатты ұялдым. Содан азаматтық намыс жетелеп, кітапханаға бардым. Кішкентайымда анамнан естіген жазушының арқар туралы бір әңгімесі есіме түсіп, «Құралай жолы» кітабын қайта оқу үшін қолыма алдым.
Туған жер табиғатының көркемдігі, ұлы адамдармен бірге қызықтаған тау суреттері, жүректі шымырлатар өрнекті де айшықты сөздер мені шығарма тұңғиығына жетелей түсті.
Дана Мұхтардың Еркінбек ағамен тауды аралап, ондағы ғажайып суреттердің әсерін өзара бөлісіп, ой жіберіп қарағаны қандай ғажап! Таудағы тіршілікті тамашалап, Қаратау сілемдерінің қатпарларынан терең сыр шертеді.
Аты аңызға айналған Ақбикеш сұлу, қыран құстар мекендеген Бүркітті қиясы, әсемдік символына балаған құралай оқиғасы – бәрі-бәрі жазушының ұлы да нәзік сезім иірімдері арқылы берілген. Шығармадағы Мұхаңның жол үсті әңгімеде айтқан мына сөздері ерекше әсер етті. «Қазақ жұрты көкек, шаруагер ел сәуір, аңшылар жағы Құралай атайтын көктемнің айы төрт түлік мал, жан-жануардың жас төлін жаңа өргізіп жатқан шағы. Бұл кезде жөн білер кісі пышақ та қайрамайды. –Құралай айы, құралай жолы қашанда ашық, қастерлі .» Қандай жақсы айтылған сөз десеңізші! Табиғатқа жанашыр ұлы адамдар әңгімесін өсиет қып үлкен әріптермен маңдайшаларға жазып қояр ма еді!
Бұдан соң Еркінбек ағаның «Тау тәңірісі» аталатын хикаятын оқыдым. Оқыған сайын ойыма әр түрлі сезімдер ұялай бастады. Біздің өлке –қасиетті де бай өлке.Ақыны да, батыры да, елге қамқор Бәйдібектей биі де жарасып, мақтанышқа айналған ұрпақтар сабақтастығын үлгі еткен киелі мекенде туғаныма тәубе деймін. Жазушы шығармасында ел қорғаған батырдың өнегелі істері, көзсіз ерлігі баяндалған . Әбдіқұл мергеннің өмірі жайлы айтылған бұл хикаят маған таныс та жақын көрінді.Өйткені, онда менің сыныптас досым Ерболған Еркебұланның атасы жөнінде жазылыпты. Халыққа қиындық әкелген зұлмат жылдар, соғыс кезіндегі қанды оқиға, ел үшін кеудесін оққа төсеген Әбдіқұл қарияның мергендік қасиетін шебер суреттеген көріністер мені ерлікке жетеледі.
Қазақ үшін мәңгілік есім ер Бәйдібектің тарихи тұлғасы мен сан ұрпаққа жалғасқан ізгі істерін бейнелейтін «Бәйдібек» хикаяты, ел басына күн туған дауылды, дабылды жылдарда халықтың бастан кешкен қиын тағдыры «Нұржаудың нұрлы күндері», «Алыста қалған» повестері арқылы көрініс тапқан.
Келесі әңгіме Шерхан романының геройы «Сұлу Бөрте» деп аталады. Алғашында мен шығарманың тақырыбын басқаша түсініппін. Тарихтан белгілі әйгілі Шыңғысханның әйелі Бөрте сұлу жайында болар деп ойладым. Сөйтсем, Шерхан Мұртазаның «Бөрте, Зөре, Нұржан» атты шағын әңгімесіне арқау болған сұлу жануардың ел ішіндегі тіршілігі суреттеліпті. Біздің қаламгер аға Шаянға кіре берістегі биікте орналасқан тамаша тау сұлулығын қолдан жасаған екен. Ел суреттен көріп, зообақтан тамашалайтын арқар, тырна, «Көкжал» атты арлан бөлтірік, кішкентай үйшікте балалаған кірпі, алма ағашының төбесін мекен еткен «Ұлдай» атты үкісі болыпты.
Еркінбек ағаның үйінде енесінен адасып қалған кішкентай құралайдың 6 жасар Нұржанмен бірге өсіп, өсе келе өзіне тән табиғи сымбатымен Шаянның көшелерін емін-еркін аралап, дүкендерге кіріп-шығатыны қызықты да шынайы берілген. Көп ұзамай оған өзі тағдырлас сұлу Зөре қосылып, дүниеге кішкентай жас Бөртенің келуі қандай көркем. Тауда өсіп, биікке жаратылған жануарлардың сол тауларын аңсауы да табиғи заңдылық емес пе?! Биіктікті аңсаған Зөренің шатырдан секіріп, қазаға ұшырауы, қазаны көтере алмай таза тектілікпен көз жұмған айнымас серігі Бөртенің тағдыры жан тебірентпей қоймайды. Ата -анасынан айрылған жас Бөрте араға уақыт салып, өзінің табиғи мекені - тауға кетеді. Отанға, туған жерге, адамдарға деген сезімі тұрақсыз жандарға осындай жануарлар тіршілігін үлгі етерлік шығарма тудырған жазушы әлемі қандай бай.
Бүгінде сексеннен асқан менің сүікті қаламгерім - М.Әуезовтің ізбасары , Шаянның Шолоховы атанған Еркінбек Тұрысовтың шығармашылық жолын терең тани түстім. Жазушы өскен ауылда тұрып, ол жүрген ауада тербеліп, шабыт аламын. Мүмкін, Еркінбек ағадан оқығандарымның шығармашылығыма әсері болған шығар деп ойлаймын.
Менің сүйікті кітабымның авторы Еркінбек Тұрысовты мен ұлы жазушыға балаймын. Әрине, Астананы іздемей-ақ, туған жердің төсінде жүріп талай құнды еңбектер жазған жазушының ұлылығы осында шығар.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Менің сүйікті кітабым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің сүйікті кітабым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Менің сүйікті кітабым