Бір Адам айдалада елден жырақ, Жеке-тақ, жапан түзді қылды тұрақ. Жаяулық, жалаңаштық жақсы емес қой, Жалғыздық олардан да қиынырақ. Көк шалғын, ағаш, бұлақ - бәрі жақсы .....
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып, Ішіне қалың ағаш торын құрып. Бір күні Арыстанға кез болыпты, Сыртынан құрған торын бағып тұрып. Арыстан ақырды оған аузын ашып: «Көрейін, қимылдашы қарсыласып! .....
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем? Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі. Бұл елде өте әдемі,ақылды.....
«Жас техник» байқауы • Электрофор машинасын CD-R дискісінен жасау Электрофор машинасының маңызы, шығу тарихы Электрофор машинасын алғаш 1865 жылы немістің физик экспериментаторы Август Теплер жасап шығарды. Сол мезгілде Август Теплерге тәуелсіз басқа неміс ғалымы Вильгельм Гольц (1836 –1913) жасады. Гольц машинасы Теплер машинасымен салыстырғанда потенциалдар айырмасын көбірек алуға мүмкіндік алды және оны тұрақты электр тогы көзі ретінде пайдаланылды. Қолдану аймағы: Электрофор машинасы физика пәні бойынша электростатика тарауын оқыған кезде демонстрациялық тәжірибелер көрсету кезінде үлкен зарядтарды және жоғары потенциалдар айырмасын алуға негізделген......
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады. Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп. Сот тәжірибесінде анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі, қажетті қорғаныс шегінен асу, аффект жағдайындағы адам өлтіру және қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен асу қылмыстары бойынша қарастырылатын істер бойынша кететін қателіктер өте көп. Соттар әлі күнге дейін қылмысты, әсіресе мұндай күрделі құбылысты саралау кезінде де қателіктер жасайды. Бұл қателіктер адам тағдыры үшін шешуші роль атқарады, кері әсерін тигізеді. Мұның себебі, заңнамада бұл құбылыстарға барынша нақты сипаттама берілгенмен, ол да жеткіліксіз болып табылады. Мысалға, заңнамада жаңа туған сәби ұғымы ашылып көрсетілмеген. Ал заң әдебиеттерінде жаңа туған сәби немесе жалпы жеңілдетілген жағдайда болған адам өлтіруді былай қойғанда, жалпы адам өлтіру құбылысы үлкен дау тудырып отыр. Жалпы адам өлтірудің өзі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі заң әдебиеттеріндегі көзқарастар да әртүрлі. Тақырыпты таңдау себебім, адам өлтіру құбылысын, адам баласын екінші біреуге мұндай қатыгездік жасауға қандай мән-жайлардың, себептердің итермелегенін түсінгім келді.....
Кіріспе XXI ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерітер болып жатыр. Республика өмірінде жүргізіліп жатқан бұл реформаларды жүзеге асыруға байланысты күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Реформаның нәтижелі, жемісі болуы соларды дер кезінде дұрыс шешуге байланысты. Қазір құр сөз, қысыр кеңестен гөрі нақты іс қимылға көшуге негіз бар.Қазақстан Республикасының конституциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкідік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министірлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрсететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруға тиіс. Біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатаны – қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемкеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардық барлық саласында жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңдерінде негізгі төрт бағытта іс- шаралар жүргізеді. Соның бірі-ресми іс жүргізудің мемлекеттік тілге кезең –кезеңімен көшірудің нақты негізін жасау. Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жалға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы- орыс тіліндегі нұсқауларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс- қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемілекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда, құжат айналымын іске асыру- бүгінгі таңда өткір тұрған мәселе. Қазақ тілінің тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы саладағы істі жандандыру керек, ал бұл мемілекеттік мемілекеттік деңгейге енді- енді қолға айналдырып жатқан шара. Қазақстан Республикасындағы халықтар мәдениетінің өзара әсері ең алдымен олардың тілдерінің бір-бірімен қарым- қатынасына негізделеді. Біздің мемілекетіміздің саясаты еліміздегі барлық тілдердің гүлденіп өркендеуіне, өмірдің барлық саласыда қолдануына лайықтанған бағыт ұстап отыр. 1997 жылы 11 шілде Қазақстан Респуьликасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданып, 1998 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оны жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы екі тілде бекітілді. Жоғары оқу орындары мен мектептерде, коллеждер мен лицей, гимназияларда қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізу пәні арнайы оқытыла бастады. Алайда оның тиімділігі осы пән бойынша оқулықтар мен ....
Алдан енді осында келгеніне өкініп отыр. Өзі әлденеден қорыққандай қимылсыз отыр. Алданның ауылдағы бәлекей келіншегі мен бір-біріне іркес-тіркес дүниеге келген аюдың қонжығындай қос ұлына деп сатып алған заттары бар дорбасы аяқ киімдер шешетін жерде босағада сүйеулі тұр. Алданның қарны ашып-ақ отыр. Бірақ алдындағы үстелдің үстінде тұрған тамақты жеуге төрде төбедей болып ұзынынан түсіп сұлап жатқан еркектен батпай отыр. Өйткені осы тамақ та, дастарқанның иесі де - осы кісі. Алдан соның қабағына қарап отыр. Тамаққа қолын созайын десе, қасығы шық етіп ыдыстың шетіне тиіп кететін секілді. Алдындағы кеседе тұрған шайды ұрттайын десе, жұтқыншағы құлқ ете қалатын сияқты. Төрдегі еркектің мысы әбден-ақ басып, берекесі қашып отыр. Бағана ауылына баратын автобусы келемін дегенше, көшеден бірдеңе жей салмай, осы үйге келгеніне қынжылып-ақ отыр. Шай құйып отырған тарамыстай қатқан қара әйел Алданға бір-екі рет "шай іш" деп күбір етті. Төрде төбедей боп жатқан еркек қасықты толтырып алып, аузына асайды да, ұрты бұлт-бұлт етіп шайнаңдайды. Бір кезде аузына тамақты толтырып асады да, жағы сырт-сырт етіп шайнап отырып, Алданның арқа тұсындағы іргені көрсетіп "ім, ім..." деді. Алдан артына бұрылып қарағанда іргеге тақала жатқан газетті көрді. "Газет пе?" - деді Алдан. "Ім... Ім". Еркек шайнаңдап отырып, басын изеді. Алдан газетті қолын созып-ақ алып бере алатын еді. Бірақ, неге екендігі белгісіз, орнынан ұшып тұрды. Сөйтті де, жеп-жеңіл газетті қос қолдай көтеріп, алақанына салған күйі бейне бір мәртебелі мейманға қызмет жасап жатқан даяшыдай еркекке ілтипатпен ұсынды. Еркек Алданның мұнысына мән де берген жоқ. Газетті қолына алған күйі шынтақтап жатқан жастығының аржағына жая салып, жастықты бауырына жиып алған күйі етпетінен аударылып түсті. .....
Сирендер шырқаған неткен ән немесе әйелдер арасында жасырын жүргенде Ахиллдың есімін қалай атады екен? — қаншама шым-шытырық сауалға толы болса да — болжам жасауға болады.
Сэр Томас Браун. Құтыға жерлеу.
Біздің ақылымыздың айырып, ажырата білу қабілетіміз талдау жасауға келгенде тым шорқақ, Біз оны тек нәтижесіне қарай бағалаймыз. Басқа да қасиеттермен бірге адам, әсіресе дарынды адам үшін талдай білу айрықша ләззат қайнары болып табылатынын біз жақсы білеміз. .....