Ғабиден Қожахмет | Сыныптас
Әнеттің әйелінің ауылда тұратын шешесі дүние салған еді. Осыған байланысты Әнет әйелі екеуі соған баруға жиналды. Әнеттің өзі бірнеше балаға әке болған, балалары есейіп кеткен үлкен кісі ғой. Балаларының әлі жас кезінде қалаға келіп тұрақтағандары болмаса, өзі де, әйелі де сол ауылда туып-өскен. Әрі екеуі сыныптас.
Әнет ауылға келді. Көпшілік жиналып, үлкен кісіге қызметін жасасып жатты. Әнет те солармен бірге ортасында жүрді. Үлкен кісінің жамбасын жерге тигізетін күні үйге Жәмет келді. Жамет кеше де келіп кеткен. Дүние салып жатқан үлкен кісінің балаларына, қыздарына, жақындарына көңіл айтып шыққан еді. Енді бүгін де келді. Және осы үйге етене жақындығы болмаса да, өзінің жұмыстағы кісі екендігіне қарамастан, осы үй жақта болды. Үлкен кісіні де бейітке қойғанда Жәмет оның балаларымен, жақындарымен бірге еріп барып қойысып келді. Жәмет, негізінен, Әнет пен әйелінің он жыл бірге оқыған сыныптасы еді. Мүмкін осы жерге айналып жүруінің де бір себебі осында болса, екінші жағынан дүние салып жатқан үлкен кісіге деген құрметі, оның балаларына деген тілеулестігі де болар. Жәмет ұзын бойлы, кең иықты келген жан. Ол да бірнеше балаға әке болып отырған кісі. Оның да балалары ересек. Жәмет осы үйде жүргенде үнемі сыныптасы Әнеттің жанында жүрді. Әңгімелессе де, сонымен әңгімелесіп тұрды. Бейіт басына барғанда да Әнеттің жанында бірге кетіп бара жатты. Бейіт басынан келе жатқанда да Әнетпен бірге әңгімелесіп келе жатты. Бейіт басынан келгеннен кейін де Әнет екеуі өзге кісілермен бірге ауланың ортасында өзара әңгімелесіп тұрған еді. Бір кезде Әнет Жәметке тесіле қарап тұрды да, оның жанына жетіп барып: .....
Әңгімелер