Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. ...
Курстық жұмыстар
Толық