Қылмыстық кодекс | Қылмыстық процесстегі дәлелдеу

ДӘЛЕДЕМЕЛЕРДІҢ КӨЗДЕРІ
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі, сарапашының корытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары және өзге де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дөлелдеудің көздері деп деректердің тікелей көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысында тексеру мен пайдалануды түсіну керек. "Көз" ұғымын кең ауқымды мынада түсіңдірудің қүқықтық негізі бар, Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгілен: көзі белгісіз немесе сот мәжілісінде анықталуы мумкін емес көздің мәліметтеріне негізделген куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәледемелер санында кызмет ете алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушылар емес, оларда негізі қаланған ақпарат есептеледі. Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әртүрлі көзқарастар калыптасты, олардың мәні негізінен тізбеткену қажеттілігіне сүйенеді мәселен, П. П. Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың екілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А. С. Ландо осыған ұқсас кезқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының занды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді.....
Курстық жұмыстар
Толық