Экономика | Экономиканың дамуындағы БАНКТІК несиенің ролі

Кіріспе
Жалпы бұл тақырыпты таңдауға бүгінгі күні қоғамда, нарықтық экономикада банк қызметінің ролі өте күрделі әрі жоғары болып табылатындығы негіз болды. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға орнығып келе жатқан тұста банк және банктік қызмет экономиканы қалыптастырудың басты іргетасы болып саналады. Бүгінгі уақыттарға дейін банк қызметі күрделі құқықтық институт болып есептелді. Ал қазіргі кезде жағдай өзгерді. Нарықтық экономиканың нығаюы, банк қызметінің дамуы, мемлекеттің қаржы-несие жүйесінің тұрақтануы бұл саланың маңызын арттыра түсуде. Қоғамдық қатынастармен терең ұштасқан сайын бұл саланы тек экономистер мен заңгерлер ғана емес әрбір кәсіпорындардың менеджерлері, салық органдарының қызметкерлері басқа да қызмет саласындағы мамандардың меңгеруіне тура келді.
Банк қызметінің тәжірибелік маңызының артуы бүгінде кәсіпкерлікпен миллиондаған адамдардың айналысып дамуымен тығыз байланысты. Оның қызметі банктік шоттар ашу, төлемдердің банк арқылы жүруі, белгілі бір несиелер беру, депозиттер қабылдау арқылы көрініс табады. Сондықтан да жеке және мемлекеттік секторда жұмыс істейтін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар банк жүйесі мен банк қызметінің заңдылығына тәуелді болып келеді. Сондай-ақ қоғам үшін экономиканың дамуы үшін банктің несиемен қамтамасыз ету қызметі өзіндік ерекше орынға ие. Өндірістің дамуы, шағын кәсіпкерліктің жандануы, мемлекеттің осы саланы қолдауы барысында банктерге үлкен жүк артылып келеді. Осы мақсаттағы банк қызметтерінің бірі банктік несиелеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық