Банк ісі | ҚР Банктік құрылымы мен дамуы

Банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елің ақшаларымен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операциясына тікелей қатысуына байланысты түсіндірімді.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан қарастыруға болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайла, ең басты «банк операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
«Банк» деген ұғым Италия сөзі «bank» - «орындық», «айырбас орындығы, айырбас орыны» мәнді білдіреді.
Курс жұмысының құрылымы 3 тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан тұрады.
Бірінші таруда Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тенденциясы. Оның ішінде ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының банк жүесінің құрылымдары мен операциялары. ҚР Банк жүйелерінің құрылымы ҚРБ операциялары.
Үшінші тарауда қолайлы экономикалық конъюктура сондай-ақ 2004 жылы ТМД – ның барлық елдеріндегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай тұрақтылығына ықпал етті. Негізі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғары болды. Мәселен, бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі орташа алғанда Достастық елдері бойынша 8% (2003 жылғы - 8%), өнеркәсіптік өнімі - 7% (8%), бөлшек сауда айналымы - 13%, негізгі капиталға инвестициялар-14% болды.
ТМД елдерінің көпшілігінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және қаржылық тұрақтылық республика экономикасы өсуінің 5 жыл бойы байқалып отырған үрдістерінің нығаюына ықпал етті. ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 5 жылда 52% -ға жуық болды, бұл Қазақстанға экономиканың даму қарқындары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік берді.
Қазақстан экономикалық жағдайының жақсаруын мойындау Қазақстанға Standard & Poor’s – 2004 жылғы мамырда және Fitch Ratings агенттіктерінің – 2004 жылғы шілдеде «Moody’s» рейтінг агенттігі Қазақсанның «тұрақтыдан» «оңға» өтетін рейтингтері жөніндегі болжамды қайта қарады.
Сонымен бірге, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының республикаға 5-деңгейден 4-деңгейге дейінгі рейтинг беруі елдің әлемдік аренадағы іскерлік беделінің жоғарлауының куәсі болды. Экономикалық дамыған елдердің экспорт-импорт банктері мен экономикалық кредиттерін сақтандыру жөніндегі агенттіктердің осы елдердің жобаларына қолдау көрсету мәселелерін қараған кезде осы рейтінгтік көрсеткіш ескеріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық