Педагогика | Білім беру әлеуметтік институт ретінде
І.1 Бітіру жұмысының өзектілігі: Білім дегеніміз – адамның жеткен дәрежесі, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз – белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы [1].
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің ресми жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастар арқылы байланыста болса, ал құрдастар арасында әрбір кісі жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, қоғамдық деңгейде мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби жағдайда мұндай қарым-қатынастар басқа принциптерге негізделеді. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар туысқан немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ, бөгде адамдармен қызмет етуге мәжбүр немесе міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі – әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала.....

Курстық жұмыстар