Экономика | Аудит негізгі құрал ретінде

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Аудитті бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде бүгінгі қарастырылып отырылмақшысы «Негізгі құралдар аудиті».
Негізгі құралдар дегеніміз - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне материалдық –техникалық негіздер мен жағдайлар қалыптастыратын құралдар болып табылады. Оның ішінде, әсіресе: машина жасау, автомобиль жасау, электроэнергияны өңдеу және тарату, жүк тасымалдау сияқты қорсыйымды өндірістегі негізгі құралдар өте маңызды болып келеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ең басты сұрақтарының шешімі негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыс таңдалған әдістемесі және нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуы арқылы жүзеге асады. ....
Курстық жұмыстар
Толық