Төрт мезгіл. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар...
Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа.....
Денис Кузин - конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық.
Денис Кузин 1988 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы коньки тебу секциясына баруды бастады. Алғашқы бапкері Пастушенко Николай Петрович болды
Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы. Конькимен сырғанау спортына Денисті әжесі Светлана Григорьевна Карайченцева әкелген екен. Ол – ата-анасы қаза болғаннан кейін баланың тәрбиесін толықтай өз қолына алған спортшының ең жақын әрі қымбат адамдарының бірі.
«Конькимен жүгіру спортына мені әжем күштеп әкелді. Ол мені мұнда темекіге, ішімдікке әуестеніп кетпей, спортқа деген қызығушылығымды ояту үшін әкелгені анық. Соның арқасында конькимен сырғанау спорты менің жұмысыма, өмірімнің мәніне айналды. Бұрын жай ғана сырғанау, жаттығуға келіп-кету ұнаса, қазір менің дайындығым басқа дәрежеге көтерілді», - деген ойымен бөлісті спортшы......
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған.....