1 тапсырма: Дұрыс бір жауапты белгілеңіз.(3 ұпай) Жаратылыстану- …. А. Адамның тіршілік ортасы В. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі С. Табиғат құбылыстары Д. Ауа-райы Е. Жер үсті денелері 2. Жердің шегінен басқа денелер қалай аталады? А ғарыштық денелер В. Органикалық денелер С. Бейорганикалық....
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларына олимпиадалық тапсырмалар жинағы Мақсаты: Оқушының білімінің тереңдігін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін дамыту, дарындылығын тану үшін үшін әдебиеттік оқу пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, ой - өрістері кеңиді, есте сақтауы дамиды, байқағыштығы қалыптасады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады. Олимпиадалық тапсырмалар жинағы оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылды.....
7 – сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар
Оқылым бөлігі Оқыңыз. Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын. Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де......
Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары 4-сынып (25 баллов) Тегі, аты (фамилия , имя)___________
1. Тест тапсырмаларын орында. (5 баллов) 1) Қазақ тілінде неше әріп бар? А) 32 Ә) 45 Б) 42 В) 25 2) Білім күні балалар қайда барады? А) саяхатқа Ә) мектепке Б) дүкенге......
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты міндет – халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету. Яғни , кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті бағытына енгізу жоспарланған. Негізгі экономиканың басымды секторлары мұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май кластері), қара және түсті металлургия және т.б. салалар. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі, біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО – ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады." Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға болады, әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім шығару мақсатында қолданып көру қажет. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканы кластерлеудің мүмкіндіктері мен экономикалық мақсаттылығын бұл аймақты экономикалық дамытудың болашақ бағыты болып, аймақтағы өндірістік кешендері зерттеу Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарстырылады: - экономикалық кластерлер маңыздылығы мен түсініктерін айқындау және олардың аймақтық экономикадығы орны мен сипаттамаларын анықтау; ....
Кіріспе Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды. Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім: І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы. ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі. ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді. Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады. Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері.....
Кіріспе Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды. Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім: І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы. ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі. ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді. Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады. Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы.....
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Кіріспе Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпыэкономикалық тепе-теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәнін, маңызын ашу жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты категорияларын талдау қажет.Жиынтық сұраныс-(AD)- (aggregate demand)-бұл қазіргі кезде баға деңгейі кезінде (тұтынушылық, инвестициялық сұраным, мемлекет тарапынан сұраным, таза экспорт) көрсетуге болатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұраным.Жиынтық ұсыныс (AS)- қалыптасқан баға деңгейімен сәйкес өндіріліп және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын.Оның өзіне аңда санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді. 30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойлардың дұрыстығына күшті күдік тудырды.....
Курстық жұмыстың мақсаты. Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту. Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеті. Курстық жұмыс міндеті негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды. Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші обеъектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу.
Өзектілігі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға , азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі , мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.Бірақ, соңғы уақытта мектеп өмірінің демократияландыруына байланысты сынып жетекшісі қажет пе деген мәселе жиі көтеріліп жүр.Алайда сынып жетекшісінің оқу – тәрбие жұмыстарындағы рөлі ерекше екендігі даусыз.
Теориялық мәні. Сынып жетекшісінің басты назарында - оқушы – Адам, оқушы – тұлға , әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қорғау, ....