Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан...
Бәрі бұрынғыша өтіп жатты.. Жігіт үйден шығып келе жатып, сүйіктісіне телефон шалып: - Жаным, шығасың ба??! Сол баяғы жерде кездесейік.. - деді.. Ал сүйіктісі: - Қайрат, мен сәл кешігіп барсам бола ма? - Неге? Міндетті түрде кешігуің керек пе? - Жоқ, жыр-шумақтарын жазып отыр едім.. - Жаным, қойшы, саябақта жаза салшы.. Мүмкін, мен де көмектесермін саған.. Сені қатты сағындым.. - Жарайды жаным. Қазір шығамын.. Қыздың келісімін алған жігіт дүкеннен гүл және қызға тәтті нәрселер алып жолға шықты.. Жол қиылысына келіп, жолдың арғы бетінен қызды көрді.. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.. Екеуі де бір-бірін қатты сағынып, жолдан жүгіріп өте бергенде, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қызды қағып кетті... Көліктің қатты дауысы.. Айқай.. Қыз біраз жерге ұшып түсті.. Қан.. Жігіт қызға жүгіріп келді де қолындағы гүлді кеудесіне қойды.. Қыз әлденені сыбырлап айтып жатты.. Бірақ, ауызынан аққан қан ол дауысты естіртпеді.. Қыз аяқталмаған жыр-шумағын айтып жатты.. Сүйіктісін құшақтап жігіт жылап отырды.. Қызды соққан көлік оқиға орнынан қашып кетіпті.. Көзі жасқа толған жігіт, көліктің номерін де байқамапты.. Қыз сыбырлап жатып, оқиға орнында көз жұмды.....
Мұнан жиырма жыл бұрынғы бір жәйт есіме түсіп отыр. Бір танысым алты қыздан кейін ұлды болып, бесіктойға бардық. Сондағы әкенің қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Торсық шеке ұл сүйген ананың да бақыттан басы айналып жүргені анық. Осы отбасының мұнан бір жыл бұрын шаңырағы ортасына түсуге шақ қалғанын біреулер білсе, ендігі біреулер тіпті күмәнданбас. Оның тарихы былай.
Жанармай құятын стансада оператор болып істейтін. Тимурмен 90-шы жылдардың басында танысқам. Сол тұста жанармай құятын станцияда танысың болмаса, көлігің жүрмей қалатынын мұндайды басынан кешкендер жақсы біледі. Екеумізді таныстырған сол мұқтаждық еді десем, өтірік емес. Бір күні бекетке барсам, Тимур ішіп отыр екен. Әйелімен ажырасатынын айтты. «Кім кінәлі?» - Мен кінәлі, - дейді. - Не бүлдірдің? - Көзіне шөп салдым… - Тимурдың алты қызы барын білетінмін. Келіншегі де бір аяулы жан. - Не болды? Қалай болды? Түсіндіріп айтсаңшы, - деймін қапелімде ыңғайсыз күйге түсіп. Оның әңгімесінен ұққаным – бекеттің жанындағы бір үйде күйеуі қайтыс болған келіншек тұрады екен. Сол әйел шелегін көтеріп, бекеттегі колонкадан су алуға жиі келіп тұрады. Сөйтіп жүріп, бұл екеуінің таныстығы достық шеңберінен шығып кетеді. Күйеуінің жұмыста көңілдесі бар екенін «жанашыр» адамдар Тимурдың әйеліне жеткізеді. Ол айғайға басып, күйеуін үйден қуып шығады. - Енді қайтпексің?.....
Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым, Сен де ұлысың мынау дархан даланың. Әр халықта ұлттық намыс деген бар, Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.
Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолданады, әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолдана отырып өз ойын білдіреді, көркемдегіш сөздерді табады және өз пікірлерін айтады. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар, фотосуреттер қолданады және қорытынды жасайды, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту Е Елубаев «Туады шығады түседі келеді» өлеңі Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) таба алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді біледі. Көптеген оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтай алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айтады.. Кейбір оқушылар:. әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) қолданып, өз ойын айтады, шығарма жанрының айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып, қорытынды жасай алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Әнші болғым келеді №4 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: • Оқыған/тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. • Тірек сөздерді қолданып, мәтінді әңгімелеу. • Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді қолдану. Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ажыратады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған/оқыған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді және мазмұндайды, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын айтады.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақтың тақырыбы: Ақын болғым келеді. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу Оқу мақсаты: Сюжетті сурет бойынша әңгіме және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру. ....
Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей, Олар мінді көреді, қисық жерін жөндей. Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы, Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей. ....