Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кетті келді)

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлең ақынШәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.


Мақал-мәтелдері Тақпақтары Өлеңдері Нақыл сөздері  Әңгімелері Поэмалары

Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Күзім келді қайтейін)

Күзім келді қайтейін!
Күзім келді.
Сарғылт бояу жабады ізімді енді.
He бітірем
Жыртықты жамағанда?
He бітірем
Жалғап көп үзілгенді?!
Бола алмаспын тағдырдың еркесі енді,
Не болса да ішімде,
Бер кесемді! .....
Өлеңдер
Толық

Экономика | БАНКТІК НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мына- дай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің
мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар , ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.

Ішкі факторлар 67 % Сыртқы факторлар 33 %
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22 % Компанияның банкроттығы. 12 %
Несиеге деген өтінішті оқып
үйрену барыснда ақпаратты
дұрыс бағалауы.
21 % Кредиторлық қарызды қайтарцын талап етуі.
11 %
Алдын ала ескерту беогісіне кеш көңіл бөлуі және опералық бақылаудың әлсіздігі
18 % Жұмыссыздық/ жанұя мәселері
6 %
Қамтамасыз етілудің сапасы – ның нашарлығы. 5 % Ұрлық / Алдау 4 %


Несис бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген карыз алушысы мұндай фактор- ларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық аныкқтап білуге тиіс.
Банкроттыктың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы
өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кебеюі, акционерлік калпиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.
Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:
- ең төменгі тәуекелі бар несилер (жіктеуге жатпайтын несиелер)
- ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер
- шектеулі тәуекелі бар несиелер
- ережеден шығу барысында берілгеи несие (стандартты емес несиелер )
Әр тәускел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін , өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.
Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне — потенциалды қарыз алушыларды тандау жатады. Қарыз алушының қаржылық ....
Рефераттар
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Әдебиет | ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.

«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.

XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.

Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.

Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады ....
Рефераттар
Толық

Қош келдің әз Наурыз

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
Түрі: әдеби композициялық, танымдық
Көрнекілігі: салт - дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөзі
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қош келдің Жаңа жыл

Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық