Қадыр Мырза Али (Күзім келді қайтейін)
Күзім келді қайтейін!
Күзім келді.
Сарғылт бояу жабады ізімді енді.
He бітірем
Жыртықты жамағанда?
He бітірем
Жалғап көп үзілгенді?!
Бола алмаспын тағдырдың еркесі енді,
Не болса да ішімде,
Бер кесемді!
Ерте гүлдеп қалауым,
Ерте солды.
Ерте жанып алауым,
Ерте сөнді.
Ер жеткен соң есейіп,
Бала-шаға
Мәз болып жүр қызыққа,
Тамашаға.
Маза бермес кейбір ой,
Кейбір уайым
Ызыңдаған қурайдай қарашада.
Білеу-білеу тамырлар —
Қан тармағы.
Демек, жақын тірліктің жалтармағы.
Құлазиды көңіл де,
Қаңырайды
От жақпаған сарайдай қаңтардағы.
Не істемекпін?
Өзімді алдасам ба?
Ішім күйіп барады,
Жанбасам да!
Не боп кетті
Қараулы күзіңнің де
Болмаушы ма ед шуағы,
Анда-санда?!
Арпалысқан күндер-ай мың іспенен!
Мың іспенен!
Тарылды тыныс неден?!
Құмарлыққа беріліп,
Күндіз-түні
Өлтірсем бе уақытты...
Күліспенен!
Қайда кеткен жастықтың қызық тойы?!
Қызық тойды тағдырдың бұзыпты ойы.
Не етсем екен?!
Қөңілдің қара бұлтын
Атсам ба екен
Шампанмен
Тізіп қойып?!
Шығып жатқан «Жазушы» баспасында
Жыр ақысы бір кештен аспасын ба?!
Күлісің бар,
Күмісің,
Шарабың бар...
Салсам ба екен есіме басқасын да?!
Қожа болмай не болды бір басыма?!
Түнеп шығып оялы жыр қасына,
Барайын да одан да
Қайтер екен
Өліп жатып әзілдер құрдасыма!
Қожа болмай не болды бір басыма?!
Күзім келді.
Сарғылт бояу жабады ізімді енді.
He бітірем
Жыртықты жамағанда?
He бітірем
Жалғап көп үзілгенді?!
Бола алмаспын тағдырдың еркесі енді,
Не болса да ішімде,
Бер кесемді!
Ерте гүлдеп қалауым,
Ерте солды.
Ерте жанып алауым,
Ерте сөнді.
Ер жеткен соң есейіп,
Бала-шаға
Мәз болып жүр қызыққа,
Тамашаға.
Маза бермес кейбір ой,
Кейбір уайым
Ызыңдаған қурайдай қарашада.
Білеу-білеу тамырлар —
Қан тармағы.
Демек, жақын тірліктің жалтармағы.
Құлазиды көңіл де,
Қаңырайды
От жақпаған сарайдай қаңтардағы.
Не істемекпін?
Өзімді алдасам ба?
Ішім күйіп барады,
Жанбасам да!
Не боп кетті
Қараулы күзіңнің де
Болмаушы ма ед шуағы,
Анда-санда?!
Арпалысқан күндер-ай мың іспенен!
Мың іспенен!
Тарылды тыныс неден?!
Құмарлыққа беріліп,
Күндіз-түні
Өлтірсем бе уақытты...
Күліспенен!
Қайда кеткен жастықтың қызық тойы?!
Қызық тойды тағдырдың бұзыпты ойы.
Не етсем екен?!
Қөңілдің қара бұлтын
Атсам ба екен
Шампанмен
Тізіп қойып?!
Шығып жатқан «Жазушы» баспасында
Жыр ақысы бір кештен аспасын ба?!
Күлісің бар,
Күмісің,
Шарабың бар...
Салсам ба екен есіме басқасын да?!
Қожа болмай не болды бір басыма?!
Түнеп шығып оялы жыр қасына,
Барайын да одан да
Қайтер екен
Өліп жатып әзілдер құрдасыма!
Қожа болмай не болды бір басыма?!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Күзім келді қайтейін өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Күзім келді қайтейін