Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №1 (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтін түрі мен стилін анықтау.
1.3.2.1 Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Мәтінді солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.
Көбі: Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.
Кейбірі: Мәтінді мазмұндай алады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң
Сақта мені өсектен,
Балағаттан!
Татулықтың бәрі де түсінуден,
Тыныштықтың бәрі де қанағаттан.
Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа,
Жақсылығын тұздық қып тостарыңа.
Бірде қылтың етсе де, .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Кездесу)

Кездесті бұл екеуі
Түн ішінде құмда бір.
Бұрылып қалай өтеді?—
Қалың оба, сұр дауыл.
— Ей, бұрыл да, тұра тұр,
Мен өтейін, жолды бер.
— Жоқ, өзің-ақ бұра тұр,
Асығыспын, бол, жібер.
— Бұрыл, уақыт кетірме,
Суыт жүрмін мен тіпті
Мал жайлымы шетіне,
Алып келем бұл жүкті.
— Я, мен де солаймын...
Бетпақ шөлдің өрінен,
Жүріп келем талай күн,
Моторлармен, темірмен.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Кенен мен Әсімханның кездесуі)

[quote]Ә с і м х а н:
Ассалаумағалайкум, Кенен аға,
Қордайдан ат арылтып келген аға.
Біз сізді көрмегелі көп жыл өтті,
Өлмеген көріседі деген, аға.
Мөлшерлеп ән-жырыңды есепке алсам,
Мұхиттың дариясындай терең аға.
Жамбылдың бірге жүрген шәкірті едің,
Аламыз үлгі-өнеге сенен, аға.
Түсті деп осы ауылға естіген соң,
Өзіңмен кездесуге кеп ем, аға.
Жиналып өңшең ақын текке отырмай,
Халыққа өлең айтып берелі, аға.
Әндерің тізген меруерт сияқтанып,
Жәкеңмен Москваға бір аттанып,
Ағаның денсаулығы жақсы ма?— деп,
Жүремін сыртыңыздан сұрап қалып.
Тыңдауға бал сөзіңді халқың құмар,
Үй толып,
ел жиналды құлақтанып.
К е н е н:
Кенендей ел сыйлайды қариясын,
Бір кезде қарияңды сағынарсың.
Алмабай, Сартжан, Көшер, шақырып ең,
Бұрылып келмей кетсем тарынарсың.
Үйіне Бейсембайдың келіп түстім,
Ауылдан мен шыққалы болды үш күн.
Кешегі Байбуырлы Сарыбас ақын,
Жамбылдың оң қолынан сарқыт іштім.
Солардан көп әңгіме естігемін,
Жігітке пайдасы жоқ асығыстың.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)

К е н е н:
Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы?
Өнерге өрен аға сегіз сайлы.
О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты,
Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы.
Алабын Алатаудың әнмен жайқап,
Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды
Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен,
Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды.
Асында Ноғайбайдың алғашқы рет
Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Өлеңдер
Толық

Сұлу қыз, тормыз жігітке...

Бір жігіт көшеде отырса, әдемі қыз жанына отырып:
- Жас жігіт 90-шы жылы болған соғысты білесіңба десе
Жігіт:
- Жоқ мен ол кезде болмадым депті
Қыз:
- Соғыста 825 адам болған.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық