Тарих | Тарих сабағында оқу картасы, карта сұлба және кескін картаны қолдану

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Дүниені , дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих беттерінің өткен ерте кездегі кезеңдерін, ондағы құбылыстарды білуіміз керек. Тарихты оқытып білдіре отырып бала санасында дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, жағдайларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн.Ал одан кейін сол тарихи жағдайларды білуге құмарту,терең түсінуге жағдай жасау,яғни оқушылардың қабілетін дамытуды қалыптастыру,оқушылардыөз бетінше ізденуге әкеп тіреу керек.Сонда ғана біз баланың жан-жақты дамуына әсер ете аламыз. Мұғалім жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып, алдыңғы уақытта өз бетінше жұмыс орындауына негіз қалайтындай жүргізу керек. Бұл үшін тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет. Ең бастысы, сабақты түрлендіре отырып шәкіртті қызықтыра білу, тарта білу, жаңаны көрсету, өз ойын ашық айта білуге жетелей отырып, ойланта білу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық