Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семейқаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.
Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....