Фон-Нейман архитектурасы 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аппараттық жасақтама
Сабақ тақырыбы: Фон-Нейман архитектурасы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): Деректер мен нұсқаулардың жадыда сақталып, орталық процессормен өңделетінін түсіндіріңіз
Орталық процессордың компоненттерін анықтау
Оқу мақсаттары: • Деректер мен нұсқаулардың орталық процессірдің қай жерінде сақталатынын көрсету
• Орталық процессордың компоненттерін және ЖЖҚ анықтау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қасқыр мен жігіт

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.

Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір ескі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ет, ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы шаттардан, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір шолақ жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайрылып:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қармақ салған жігіт

Бір жігіт бұрынғы заманда суға қармақ салып жүрді. Қармақ салып жүргенде күнінде бір балықтан артық түспейді. Бір күні қармағын салды, екі балық түсті. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Күнінде біреуден артық түсуші емес еді, маған бүгін екі балық түсті, мұны берген Құдай маған бірдеме берер»,—деді. Қармағын күнде салып жүрді. Күнінде екі балықтан түсіп жүрді. Бір күнде жігіт жатқан жерінен түрегеліп, беті-қолын жуып тұрса, қармағын салайын дегенде бір сары ит жүгіріп жігітке келді. Жігіт айтты: «Е, Құдай-ай! Қанша жылдан бері мен қармақ салып, бір балықтан алып жеп жатушы едім, енді маған, екі балық түсіп тұрғаны, біреуі иттің несібесі екен»,—деді. Бір балықты итке берді, бір балықты өзі жеді, итті жолдас қылды, екеуі жолдас болып жүрді. Екеуіне екі балықтан Құдай қанағат беріп жүрді. Сөйтіп, жүргенде екі балықтан түседі, бірін ит жейді, бірін өзі жейді.

Бір күні үш балық түсті қармағына. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Бізге Құдай тағы бір серікті берер». Күнінде үш балықтан түсті. Бірін ит жеді, бірін өзі жеді, бірін алып қояды. Ертеңіне екеуі түрегеліп, беті-қолын жуып тұрады. Бір ала мысық жүгіріп келді. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Ит пен жігіт айтты: «Бір тәуір мысық екен»,—деді—мұны берген Құдай тағы бірдеңе берер», – деді. Түнде үшеуі жатты, ертеңіне тұрды, қармағын салды, үш балық түсті, үшеуі үш балықты жеді.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жылан қабықты жігіт

Баяғыда бір кедей шал менен кемпір болған. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал менен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде шалдың кемпірі жерік болыпты. Ол кемпір жерігенде айдаһардың құйрық жағындағы бір бөлек етіне жеріпті. Соны шалы іздеп жүрсе, бір үлкен, Қаратаудың етегінде бұрқыраған шаңды көріпті. Шал шаңға жақындаса, бір қара айдаһар мен бір сары айдаһар төбелесіп жатыр екен. Баяғы алыстан көрінген бұрқыраған шаң сол екі айдаһардың алысқан шаңы болып шықты. Көп ұзамай-ақ қара айдаһар сары айдаһарды өлтіріпті. Шал жасырынып тұрып қара айдаһар ұзап кеткесін өлген сары айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерік асы табылмаған соң қатты ауырып жатыр екен. Шал келіп: «Ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың табылды!»—депті. Аңсап жатқан кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың әкелген етінен шикілей екі рет аузы толғанша жепті. Жерігі қанып кемпір тоғыз ай, тоғыз күнде аман-есен босанған екен. Бірақ бала жыланға ұқсаған екен дейді. Кемпір-шал не де болса ішінен шыққан соң асырай беріпті. Қазақтағы «іштен шыққан шұбар жыланды беліңе үш орап таста» деген нақыл содан қалыпты. Бала тек жыландай иретіліп жатқаны болмаса, сөйлеген сөзі, ақылы адамнан айырмасы болмаған. Бір күні баласы әкесін қасына шақырып алып: «Әке, менің үйленетін уақытым болды. Маған осы елдің ханы Бабаханның жұрттан асқан сұлу қызы бар, соны әпер»,—дейді.....
Ертегілер
Толық

Джон Рескин

Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Илон Маск

Адамдар үшін ғаламшарға оңай бара алатын жол ашқым келеді.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Исаак Ньютон

Табиғат қарапайым және ол артық себептермен құлпырмайды.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Лао-цзы

Өнер мен сауда-саттыққа кедергі болма.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық