Бір мың тоғыз жүз және он үште жыл, Жылдың атын биылғы сиыр деп біл. Он төрті апрельдің сөйлеген сөз Мешіт пен медреседен бір шыққан тіл. Қорлықта тұрғандығын көзім көріп, Аяумен өз әлімше.....
Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Ноmо sаріеns) пайда болуы кейінгі палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап гоминидтердің эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады. Алғашқы Ноmо sаріеns өкілдерінің пайда болуы әдетте б. з. б. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінде табылған бес.......
Палеолит дәуірі (ежелгі тас) адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Біздің ілкідегі ата-бабаларымыздың тік жүруге көшуі және қолдарының еңбек ету үшін босауы, алғашқы дөрекі өңделген еңбек құралдарының жасалуы адамзат қоғамының қалыптасуының бастамасы еді. Кейінгі бірнеше мыңжылдықтар дәуірі адамның биологиялық түр ретінде (Homo sapiens) біртіндеп қалыптасу, оның еңбек құралдары......
Көптеген тарихи-мәдени аймақтарда б.з.б. ІV мыңжылдықта заттай мәдениетте түбегейлі өзгерістер басталғандығы мәлім. Бұл кездері адам баласы металл бұйымдар жасауды үйрене бастайды. Сондықтан да әлемдік тарихнамада палеометалл дәуірі ерекше маңызға ие, ал оған көпшілік мамандар энеолит пен қола дәуірлерін жатқызып келеді. Жаңадан пайда болған металл өз кезегінде тастан жасалған еңбек құралдарын түгелдей ығыстырып шығара қоймады. Энеолитте мыс бұйымдар кең тарала қойған жоқ. Оның жұмсақтығы, мыс өндірудің күрделілігі бұрынғыдай тасты кеңінен......