Жоғарғы (кейінгі) палеолит
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Ноmо sаріеns) пайда болуы кейінгі палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап гоминидтердің эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.
Алғашқы Ноmо sаріеns өкілдерінің пайда болуы әдетте б. з. б. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінде табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. Кроманьондық адамның сүйектері Еуропаның басқа географиялық ай-мақтарынан да табылды.
Кроманьондық адамның тұрпатында осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді; маңдайы жазық, иіліңкі қас, сүйегі (көздің үстіндегі шығыңқы сүйектің орнына), бас сүйегі сопақ, иегі шығыңқы, мұрны жіңішкелеу, көз шұңқыры кішкене, т. т. Кроманьондықтарға тән нәрсе — басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, жағы тікше және ми қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді. Салыстыра зерттеу мынаны көрсетті: Ноmо sаріеns ми қабығындағы адамның нақ қоғамдық өміріне тығыз байланысты бөліктері ерекше дамыған, бұлар оның жануарлық пиғылдары мен түйсіктерін тежеу рөлін атқарды. Адамдар алдарындағы міндеттерді шешкенде орта¬ның табиғат жағдайына бейімделу жолымен ғана емес, көбінесе ұжымдық жұмыс процесіндегі өндірістік жетістіктерді жүзеге асыру жолымен де шешті.
Кейінгі палеолит дәуірі — Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған уақыты және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты.
Қазақстан аумағынан табылған жоғарғы палеолиттік адамның сүйек қалдықтары толық емес, кейбір сүйектер ғана бар, алайда едәуір үлесін Қазақстан алып жатқан Еуразияның ішкері бөлегін сонау арғы заманда протоеуропеоидтік раса түріндегі адамдар мекендеген деп топшылауға әбден болады.
Ақыл-ойлы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар, рулық қауымның қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы тұрпаты ретіндегі рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жер-лерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонымен, аналық ру өзара қаңдас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы бол¬ды. Сондай-ақ әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғары дәрежесі де қауымдық үй шаруашылығының өзгешелігінен, руды өрбітуші ретіндегі әйелдің отбасыдағы рөлінен туындады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ұғымдарында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну культі кең тарады; мұның негізінде жануарларға билік етуге оның бейнесі арқылы жетуге болады деп сенім жатты. Магияның әмбебап түрі сол кезде пайда болған алғашқы өнердің жарқын туындылары деп топшыланады. Оның басты тақырыбы — әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу еді. Сүйектен ойып немесе жүмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлылығын, аналық қасиетті бейне¬леді.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмірі туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Табиғат пен шаруашылық. Қалыптасып келе жатқан адам өмірі өрістеген табиғат жағдайлары өзгермелі болды. Бұл кез мұз дәуірінің аяғы еді. Қазақстанның көптеген таулы ауданда¬рын соңғы мұздану басты. Оның іздері таулардың етегі мен белдеулеріндегі құлама тастар түрінде осы уақытқа дейін сақталған. Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінде мұз қабатының кейін еруі және Кавказ жотасының солтүстік тарамдарының жаңа тектоникалық көтерілуі Каспий теңізінің деңгейін жоғарылатты, сөйтіп, бүкіл Каспий төңірегі ойпатын қайтадан теңіз суы басты. Жоғарғы антропоген басталған кезде тау жота¬лары едәуір көтерілді (жоңғар кезеңі) және жалпы климат ылғалдана түсті. Мұздықтар ерігенде судың молаюы, Сырдария мен Әмудария арналарының өзгеруі нәтижесінде Арал теңізі пайда болды.
Климаттың бірсыпыра суып, жалпы ылғалдануына қарамастан, ол замандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі осы заманғыдан бай болды. Тянь-Шяньда, Орталық және Солтүстік Казақстанда емен, қайың ормандары әлі де өсетін, дегенмен, бұл кезде жалпы алғанда орман азайып, оның орнына мол бұталы, көделі жайылым кебейді.
Еуразияның ұланғайыр жазығында мамонттық кешен деп аталатын өзінше бір үлгідегі фауналық кешен қалыптасты. Бұл кешеннің көп өкілдерінің қазынды қалдықтары Қазақстанның әр түрлі аудандарында да табылды. Оның негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, тур-бұқа, ұсақ бизон, үңгір аюы және жолбарысқа да, арыстанға да ұқсас жыртқыш аң болды. Олармен бірге жазық далада, тау шалғынында киік, арқар, бұғы-марал, елік және басқа ірілі-уақты хайуандар жайылып жүрді. Сол дәуірдің аяғында Алтай тауларында мамонттық кешеннің өзгеше бір нұсқасы қалыптасты. Мұнда негізгі хайуандармен қатар байкалдық қодас пен бұрғымүйіз бөкен тарды; мұның өзі осы ауданның фаунасының Байкалдың сыртқы жағын қоса есептегендегі Орталық Азияның хайуанат дүниесімен ұқсастығын көрсетеді.
Жоғарғы антропогеннің екінші жартысында елеулі-елеулі табиғи-климаттық өзгерістер болды. Азияның басқа жерлеріндегі сияқты, Қазақстанның аумағында да климат құрғап, жылына бастады. Өсімдіктердің азаюы, шөлдің ұлғаюы бәрінен бұрын шөп қоректі ірі жануарлардың тіршілік жағдайларына әсерін тигізді. Мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтар қырылып бітуге тиіс болды, олар біздің заманымыздан он мың жыл¬дай бұрын өліп бітті. Жайық өзенінің сол жағасындағы ең соңғы мамонттардың бірі шамасы бұдан 8000 жыл бұрын өлді.
Палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау адам қорегінің басты негізі болды; ал ірі жануарлардың құруы адамның тұрмыс жағдайларын өзгертті. Енді орташа және ұсақ андарды аулау үшін неғұрлым жетілдірілген жаңа құралдар қажет еді. Аңшылар топтары кейде тамақ іздеп ұзақ сапар шекті. Кезіп жүрген топ-топ аңшылар тұрақтарының негізгі түрі жеңіл күркелер мен ашық далада от жағылған уақытша қостар бола бастады.
Өзектастардан тас тіліктерін жарып алу техникасы жетілдірілді; мұның өзі тасты дәл өндеуге алып келді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастарды призма секілді өзектастар алмастыра бастады. Осындай бір өзектастан бұрынғы уақыттағыдай екі-үш тас тіліктерін емес, ондаған жұқа тас тіліктері алын¬ды, олар жүзі қайта өңделмей-ақ іске жаратылды; ал кейбір құралдар қысып түзету арқылы өңделді. Осындай техника арқылы, сынықтың жүзін қатты нәрсемен (таспен, сүйекпен, мүйізбен) басу арқылы көне замандағы шеберлер бітімі әр қилы құралдар жасай білді.
Құралдарды жасағанда адам отты шебер пайдаланды. Тасты бірте-бірте қыздырып, кейін суыту оның құрылымын өзгертті; мұның өзі құралдарды қысып түзету техникасы арқылы өңдеуді жеңілдетті.
Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Кейінгі палеолитте жонғыштар, сүйір және доғал шетті қырғыштар, екі шеті жұқартылған тас тіліктері, бүйірлі және ортаңғы жүзді кескіштер, найза мен сүңгінің ұштары, шұңқырлы тас тіліктері, тескіштер секілді әр қилы құралдардың саны оннан асып кетті. Әсіресе тас тіліктері мен жаңқаларынан дайындалған кескіш құралдар көп еді, олардың үшкір бұрыштары кесе-көлденең келетін шетіндегі тас тілігінің жазықтығына орналасып, кесетін жүз жасап омырылды да. Трассолог мамандардың есептеуінші кейінгі палеолитте пайдаланылған құралдардың (өзектастың бірнеше түрлері, қырғыштардың бірнеше түрлері, т.б.) жалпы саны жүзге жақындап қалған.
Кескіштердің көп болуы сүйек өңдеудің рөлі өсе түскенін көрсетеді. Бұл материалдан шақпақ жүзді және сүйек сапты құрама құралдар, қилы бұрғылар, тескіштер, ауланған жануарлардың терісін өңдейтін қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің сүйек ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар жасалды. Сүйек инелер пайда болып, адам теріден киім тігуді үйренді.
Аң аулау шаруашылықта бұрынғыдай жетекші рөл атқара берді. Бірақ аңшылық құралдарының әр қилы болуы, аң аулау¬дың, жаңа әдістері (отты қолданып аңды қамау, оны ұстау үшін қамба қазу, арқанға байлап тас лақтыру, аран жасау) шаруа¬шылық кәсіптің бұл түрінің өнімділігін арттырды. Алғашқы адамдар ыңғайлы жерлерде шанышқыларды, қысқа істік сүйектен жасалған долбарлы қармақтарды пайдаланып, балық аулады.
Адам бұрынғыша әр түрлі өсімдік тағамдарын: жабайы жаңғақ, жидек, жабайы сәбіз, қымыздық, жуа және кейбір өсімдіктердің түйнектерін теруді кәсіп етті.
Кейінгі палеолитте, әсіресе, оның климат суыған бірінші жартысында, адамдардың қоныстары кішігірім қырдың төбесіне жақсылап салынған баспаналар болды; бұлардың орнынан археологтар баспаналардың тіреуіштері қазылып орнатылған көптеген шұңқырларды және көп от жағылған жерлерді тауып жүр.
Жоғарғы палеолиттік адамның материалдық мәдениеті жер жүзінің әр түрлі аудандарында әр уақытта қалыптасты, сондықтан оның тарихи даму жолдары бірдей болған жоқ. Сірә, көбінесе тас құралдарды өңдеу техникасы жағынан айырмасы бар екі үлкен аймақ болды. Еуропа мен Алдыңғы Азияда ежелгі адам призмалық өзектасты өңдеудің жаңа техникасын өте ерте игерді. Африкада және Қазақстанның, Орта Азияның іргелес аудандарын қоса Орталық Азияда индустрияның негізгі форма¬сы әлі көп уақытқа дейін тасты бөлшектеудің ескі леваллуалық техникасы болып қала берді. Мұнда тек кейінгі палеолиттің соңғы кезеңдерінде, мезолитке жуықтағанда ғана жаңа призмалық техникаға көшу басталады.
Тұрақтар мен жекелеген заттар. Қазақстан аумағында кейінгі палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес. Жоғарғы палеолиттік өзге тұрпаттармен бірге Қазақстандағы тас құралдардың негізгі көпшілігінде тұтас ұзынша малта тастардан жасалған ежелгі шапқы құралдар, жүзі шығыңқы неме¬се имек ауыр қырғыштар, дөңгелек өзектастардан алынған үшкіл тас тіліктері бұрынғыша басты орын алады.
Көне замандары тас өңдеудің жергілікті қазақстандық-ортаазиялық әдістері соңғы палеолитте Алтай мен Сібірді мекендеушілердің арасында кеңінен тарады.
Балқаштың солтүстік төңірегінің жоғарғы-палеолиттік ескерткіштерінің соңғы шекарасы осы заманғы антропогеннің басталуымен немесе геологиялық голоценнің басталуымен тұстас келеді. Нақ осы уақытта құрғақ климаттың басталуына бай¬ланысты ірі сүт қоректілерді аулайтын аңшылар тайпалары кеуіп қалған шалғын алқаптардан кетуге және мамонттардың, бизондардың соңынан ере отырып, солтүстікке қарай ылғалы мол аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар Тораңғы өзенінің аңғарындағы, Түлкілі мен Семізбүғы тауларының бөктеріндегі көптеген тұрақтарда талай тас заттар: сына тәрізді өзектастар, өзектас-қырғыштар, шомбал дөңгелек тас жаңқалары мен пышақ тәрізді тас тіліктерге негізделген қырғыштар, ортаңғы қыры кесетін кескіш¬тер, мустьелік бітімді үшкіртастар, «сібірлік» тұрпатты ауыр қырғыштар қалдырды. Орталық Қазақстанның басқа жерлерінен, мысалы, Батпақ-7, Қарабас-3, Ангренсор-2 жұрт-орындарынан да тас құралдар табылды.
Мустьелік Батпақ-8 ескерткішінің қасындағы бірінші тұрақтың (Батпақ-7) қалың мәдени қабаты бар. Онда мамонт фаунасына жататын сүт қоректілердің сүйектері табылған. Заттардың ішінен үш бұрышты және трапеция тәрізді жасалған әрі жан-жағынан жарылып алынған екі ірі тас тілігі ерекше көзге түседі.
Қарабас-3 жұрт-орнынан (Қарағандының оңтүстік-батыс жағында) порфириттен жасалынған 172 дана бұйым жиналды. Олардың ішінде дөрекі тас жаңқалар, екі дөңгелек өзектас, тас жаңқалары шағып алынған із байқалатын алты ұра-тас, үш дөрекі тас тілігі, шапқы құралдар және сүңгі ұшының сынығы бар.
Үшінші тұрақ Орталық Қазақстанның шығыс жақ шетінде (Екібастұз қаласының оңтүстің жағында), Ангренсор көлі солтүстіктен орап жатқан шоқының оңтүстік баурай¬ына орналасқан. Бұл жерден яшмадан жасалған 1000-нан аса бұйым жиналды. Олар - көп алаңды дөңгелекше келген сүйір өзектастар, соқпа қыры жақсы аңғарылатын қысқа және жалпақ тас жаңқалар, тас тіліктері, жонғыштар, шапқы тәрізді құралдар, қырғыштар, кескіш-тескіштер, сүңгінің жапырақ тәрізді ұштарының сынықтары.
Шығыс Қазақстан ескерткіштерінің ішінде де жарқын нысандар жеткілікті. Әсіресе олардың арасынан үш ескерткіш материалдары ерекше көзге түседі деуге болады.
Бірінші тұрақ Бұқтарма өзенінің құйылысына жақын жердегі кішігірім әкті үңгірге кіре берісте орналасқан. Батыс жағынан кіретін аузы бар үңгір екі үңгіме қуыстан тұрады; бұлар екеуіне де ортақ кең әрі биік жаппа арқылы біріккен. Мәдени қабатты археологтар үш жыл бойы қазғанып, жер ошақ қалдықтарын, еңбек құралдарын, жабайы аңдардың сүйектерін тапқан. Жоғарғы-палеолиттік адамның аулаған аңдары Бұқтарма үңгірінде плейстоцендік және осы заманғы фаунаның ерекше назар аударарлық қоспасы болып шықты. Одан мамонт пен жүндес зубр, арқар, марал, үңгір қорқауы, қоңыр аю, құлан, қасқыр, Кноблох түйесі, елік, т.б. аңдардың сүйектері аршып алынған.
Топтамада (коллекцияда) тас тіліктерінен жасалған қырғыштар да кездеседі, олардың бірі жалпақ дөңгелек тастан жасалып, айналдырыла түзетілген; шеттері түзетілген және ұшы дөңгелек етіп жасалынған пышақ тәрізді шомбал тас тілігі, пирамида пішінді шағын өзектас, призма секілді өзектастан алынған тас тіліктері, екі шетінде де жұмыс ізі бар порфириттен жасалған тоқпақша бар. Бұлармен бірге малтатастан істелген шапқы құрал, жалпақ тас жаңқасынан жасалған қырғыш және түзетілмеген тас жаңқалары табылды.
Ертістің оң жақ жағалауындағы Новоникольское тұрағынан табылған тас құралдар 0,9-1 м тереңдіктен шыққан. Бұл заттар кешені Қазақстан аумағындағы жоғарғы-палеолиттік кезеңдегі мәдениетке тән. Мұнда үлкен тас жаңқадан дайындалған жұмыс шеті шығыңқы үш бұрышты тұрпатты қырғыш,үшкіртас түрінде түзетілген құрал, призма тәрізді өзектастар және олардан шағып алынған тас тіліктері, ақырында, тұтас малтатастан жасалған ауыр шапқы құрал бар.
Ал үшінші қоныс – Шүлбі. Ол бұрынғы Семей облысы (Шығыс Қазақстан – ред.), Новошульба ауданы Старая Шульба кентінен шығысқа қарай 3 км жерде. Ескерткіш Ертіс өзенінің оң жағасындағы, Ертіс өзенінің оң тармағы болып табылатын Шүлбі өзені сағасына жақын жердегі 35-40 метрлік сөреде орналасқан. Сөре құрылымы өте күрделі. Табандығы шақпақты сланецтерден, шоғырлы бөлігі – құм мен балшықты топырақтан тұрады. Кей жерлерінде оны кішігірім жыралар кесіп өтеді.
Мұнда аңшы-адам ұзақ тұрақтағандығын тас бұйымдары мен шағын ошақтар айқындайды. Тас бұйымдары барлық үш горизонттардан шыққан, бірақ олардың ең көбі 5000-нан астамы үшіншіден жинастырылған. Тас бұйымдар коллекциясында сүйір, сына, призма сипатты өзектастар, жонғыштар мен қырғыштар, үшкіртастар, тескіштер мен шой-балғалар ерекше көзге түседі. Малта тастан жасалған бұйымдар өте ірі көлемді, олардың қайсыбірі, әсіресе өзектастар дөңгелек әрі тығыз. Үшінші горизонттың еденін тазалау кезінде әрқайсысының диаметрі 15 см-ден кем емес 6 дөңгелек келген қара дақ анықталды. Бәлкім, бұл баспананың төбесін тіреп тұрған ағаш бағаналардың ізі болар. Одан басқа, малта тастардан соғылған 2 ошақ орны, диаметрі 25 см от орындары аршылған.
Олжалардың горизонттар бойынша біркелкі көлемде болмауы, жоғарғы горизонтта шағын тұрпатты құралдардың басымдығы, ал ірілерінің – төменгі қабаттарда кездесуі – тұрақты мекен еткен адамдардың палеолит пен неолитте өмір сүргендігін көрсетеді.
Шығыс Қазақстандағы тас құралдар табылған жұрт-орындар Алтай мен Сібірдің Сростки, Бирюса, Афонтова гора-2, Кокорево-2 жоғарғы-палеолиттік ескерткіштеріне ұқсас.
Оңтүстік Қазақстанда кейінгі палеолиттік ескерткіштер онша көп емес. Олардың арасынан Ащысай тұрағы зор қызығушылық туғызады. Оның қалдықтары Тұрлан өзенінің (Терісаққан; Шолаққорған кентінің батысында) биік сол жақ алаңқайында. Алаңқайдың сұр әктен тұратын жарының астыңғы қабатында құмдақ пен құм басып қалған 5-6 метр құлама және малта тас қабат бар; одан жоғары 12-14 м қалың саздақты, ол қалыңдығы 0,3-0,4 м жіктерден құралған. Саздақ қабат сөре тәрізді алаңқайдың бетінен 10 метр терең қазылғанда ашылды.
Қазба барысында жер бетінен 7,5-7,8 м тереңдіктен мәдени қабат аршылған. Одан 15 от орындары анықталған; бұлардың жанында хайуандардың (бизон, тау қойы, жабайы жылқы) уатылған сүйектері және әр түрлі шақпақ тас бұйымдары табылды. Ащысай тұрағының алғашқы аңшыларының қалдырған құралдары арасынан қырғыштар, үшкіртастар, пышақ тәрізді тас тіліктері, тескіштер кездеседі. Сонымен қатар призма және сүйір пішінді өзектастар, өндірістің көптеген қалдықтары аршып алынған.
Соркөл көлі (Байқадам ауылының шығысында) қазаншұңқырының екінші сөре тәрізді биікшесіндегі екі жерден тас бұйымдардың тағы бір топтамасы табылды; ондағы бұйымдарды жасауға шақпақ тас пайдаланылған - арқа тұсы кең бұрыс қырлы тас жаңқалары мен тіліктері, призма және сүйір тәрізді өзектастар, қырғыштар.
Сондай-ақ, бірқатар кейінгі палеолиттік көрнекті құралдары Үсіктас өзенінің үшінші алаңқайының жарқабағынан ашылды. Шағын алаңдағы қиыршық тастар мен малта тастар қабатынан шақпақ тас бұйымдары шықты. Тас жаңқаның бірі талай рет омырылған белгілер мен айнала түзетілген іздерді сақтаған. Басқа ондаған шақпақ тас бұйымдарының арасынан алдын ала талай рет өңделген белгілері бар, ұзын пышақ тәрізді жалпақ тас тіліктері ерекше көзге түседі.
Жетісу аумағы соңғы уақыттарға дейін Қазақстан археологиясы палеолитіндегі «ақтаңдақтардың» бірі болып келді, мұны ең алдымен өлкенің аз зерттелуімен түсіндіруге болады. Артефактілері ашық жатқан (барлығы 187 дана) жұрт-орындардан Шарын аңғарындағы Ақтоғай-1-4 ескерткіштерін айта кетуге болады.
Мұнда тұңғыш рет көп мәдени қабаттан тұратын Майбұлақ тұрағы ашылды. Ол Алматы облысында (Қарасай ауданы), Алматы қаласынан батысқа қарай 44 км жерде, Фабричный (Қарғалы) ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,5-2 км жердегі Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан. Айта кететін бір жайт, 1990 жылдар бас кезінен бастап жергілікті өлкетанушылар мен археологтардан Фабричный (Қарғалы) ауылы төңірегінде тас дәуірі ескерткіштері бар екендігі туралы ақпараттар түсе бастады. Аталған тұрақ сары топырақты төбешікте, тау баурайындағы шағын Майбұлақ өзенінің оң жағалауындағы өзімен аттас шатқалда орналасқан. Төбешік бұрын биіктігі 150-200 м тұтас бір жотаны құраған кертпештің бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Майбұлақ тұрағы қираған нысандардың бірі, оның басым бөлігі құрылыс жұмыстарының барысында бұзылған. Қазіргі таңда ұзындығы 60-70 м солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған төбешіктің тек шығыс бөлігі ғана сақталған. Жерден санағанда төбешіктің биіктігі 4-4,5 м-ге жетеді.
Қазба жұмыстары төбешіктің орталық бөлігінде жүргізілді, оның аумағы 130 шаршы м-ді құрады. Далалық жұмыстар кезінде қазба тереңдігі (траншеяның батысындағы аумағы 2х2 м шурф) 8 м-ге дейін жетті. Зерттеу барысында үш мәдени қабат (горизонт) анықталды.
І мәдени қабат. Тереңдікте жатқан қабат 0,7-2,1 м, сірә мәдени қабаттың басым бөлігі кейінгі уақыттардағы адамзат жұмыстарының әсерінен қираса керек. Тастар мен тас қаландыларынан тұрғызылған қола және ерте темір дәуірлерінің қабірлері көптеп кездеседі. Тас бұйымдар олармен араласып та жатқан-ды. Барлығы 75 дана артефакт табылған. Олардың арасында – призма пішінді пренуклеус, тас жаңақалары, тас тіліктері, өзектас секілді опырынды-тас, шағын тас тілікшелері бар. Тас тілікшелерінің сипаты аса айқын емес. Еңбек құралдарына пышақ, тас жаңқасынан дайындалған шетті (концевой) қырғыш ойықты құрал, бүйірлі (боковой) қырғыш, биік тұрпатты қырғыш пен шетті қырғыштың сынығы жатқызылған. Мәдени қабат шенінен күл қалдықтары шыққан.
ІІ мәдени қабат. Ол 3,5-4,2 м тереңдікте. Мәдени қабат екі бөліктен тұрады. Барлығы 493 дана тас бұйымдары алынған. Одан тас жаңқалары мен тілікшелі жаңқаларды алу үшін жасалған біршама өзектастар шыққан. Параллель принципі бойынша жаңқаланған екі өзектас табылған, олар призма пішініне келіңкірейді, сондай-ақ бастапқы тұрпат (преформы), бастапқы өзектастар (пренуклеусы), тас жаңқалары, тас сынықтары, қабыршақтар жинастырылған, ал топтамада тілікшелер аз кездеседі. Құралдар да аса көп емес. Олардың қатарына кертікті (шип) қырғыш, тісті қырғыш, қырнауыштар, септелген (комбинированные) бұйымдар, ойықты бұйым, сүйір ұш жатады. Бұлардан басқа таспен қаланған бір ошақ орны мен екі оттың орны аршылған. Мәдени қабаттың бұл тереңдігінен күл қалдықтары көптеп ұшырасқан.
ІІІ мәдени қабат. 4,5-6 м тереңдікте. Бұл мәдени қабат шартты түрде бөлінген және де ол кейбір шаршы метрлерді ғана қамтиды. Мәдени қабаттан 68 дана бұйымдардың топтамасы алынған. Өзектастар жоқ. Топтамадағы опырынды тас тобына тас жаңқалары, тілікшелі тас таңқалары, тас тілікшелері жатқызылған. Еңбек құралдары қатарында екі қырғыш, қырнауыш, ойықты құрал, түзетілген (ретушированный) тас тіліктері бар.
Артефактілерді дайындаудағы шикізат көзіне жергілікті аса сапалы емес материалдар пайдаланылған. Олар Майбұлақ өзені жағасындағы қара-қоңыр, қара, сұр және қызыл түсті порфириттер, сондай-ақ өңделуі оңай жасыл түсті шақпақтас жынысы, сірә, соңғылары тұраққа басқа өңірлерден әкелінген сияқты. Олардан басқа бір дана сұр түсті шақпақтастанған (окремненного) құмтас (песчаник) құралы аршып алынған.
Сайып келгенде, Майбұлақ тұрағының тас құралдарын талдау жұрт-орыннан табылған индустрияның бірінші және екінші өңдеуден өткендігін айғақтайды.
Тұрақта құралдарды өңдейтін арнайы орындар болған. Мұны малтатас, ұра-тас, түрлі көлемдегі плиткалар мен тас артефактілердің кейбір шаршыларда in situ бойынша орналасуы да айғақтап отыр. Мәдени қабаттардың қалыңдығы тұрақты адам баласы ұзақ уақыт қоныстанғандығын дәлелдейді. Жоғарыда айтылған фактілердің барлығы аталмыш қоныстың ұзақ уақыт тұрақ-шеберхана болғандығын көрсетеді.
Алынған тас бұйымдарының топтамасы қазбадан және тұрақ төңірегінен жиыстырылғандарымен қосып есептегенде 2 мыңнан асады. Майбұлақ тұрағы одан ары зерттеуді қажет етеді. Ол Оңтүстік-Шығыс Қазақстаннан табылған мәдени қабаттарының стратиграфиясы сақталған алғашқы табылған тұрақ болып табылады.
Кейбір өңірлерде палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің зерттелуі қанағаттанарлықсыз. Мұндай өңірлердің бірі солтүстік аймақтар. Дегенмен бұл өңірлерден табылған кейбір ескерткіштер назар аударуға тұрарлық. Мысал ретінде бұл жерде 1982 жылы ашылған Зеренді ауданындағы Жамантұз ауылынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Ақтас тұрағын айтуға болады. Аталған тұрақтан жекелеген тас құралдары мен анықтала қоймаған жартас суреттерінен басқа түз тағыларының сүйектері көптеп табылған. Сүйектен жасалған кейбір еңбек құралдары едәуір қызығушылық туғызады. Палеозоолог мамандардың есептеуінше Ақтас тұрағынан табылған сүйектер кем дегенде мамонттық фаунаға енетін 18 түз тағысына тиесілі. Қазба кезіндегі сүйек қалдықтарының орналасуына қарап, зерттеушілер Ақтас тұрағын бес мәдени қабаттан тұрады деп топшылаған.
Қазақстанның кейінгі палеолиттік замандағы ескерткіштері жете зерттелмеген, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан сияқты кейбір аймақтарда олар белгісіз дерлік. Бірақ қолда бар мәліметтер адамның және оның мәдениетінің прогресі жалғаса берді деген түйіндеме жасау үшін әбден жеткілікті. Қазақстан аумағында адамзат қоғамы дамуының үздіксіз болғанын нео¬лит заманының табылған көптеген заттары дәлелдеп береді, ал төменде біршама толымды түрде сипатталынатын бұл заманды біз тас ғасырының кемелденген дәуірі деп атай аламыз.
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағынан палеолит дәуіріне жататын 450-дей ескерткіштер (үңгірлік тұрақтардан жекелеген тас құралдары табылған орындарды қоса есептегенде) табылып отыр. Олар Қазақстанның оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде көбірек шоғырланған. Ежелгі адамдардың бұл аймақтарды «біршама» тығыз қоныстануына табиғи жағдайлар, қоршаған орта мен жергілікті шикізат көздері де өз әсерін тигізсе керек.
Пайланылған әдебиет:
Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: палеолит дәуірі реферат казакша, палеолит дәуірі реферат, палеолит реферат на казахском языке, реферат на казахском языке о палеолит, палеолит туралы реферат, палеолит, дәуірі, реферат, казакша, на, казахском, языке, о, туралы, тас дәуірі туралы реферат