Тағдыр тәлкегі

Мөлдір — мектеп жасындағы жас­өспірім қыз. Әкесі ол бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде ауылдағы жалғыз ауруханаға практикаға келген бір бойжеткенге ғашық болып, үш баласы мен келіншегін тастап, сол сүйген адамының соңынан қалаға кеткен. Содан бері ауылға ат ізін салған жан емес.
Жалғыз шешесі бастапқы кезде тосын қайғыдан есін жия алмай, елге қарауға беті болмай, қатты намыстанып, туыс-туғанмен қатыспай, той-томалаққа да бармай, томаға-тұйық жүрді.Кейін келе өзі сияқты күйеуі басқа әйелге кетіп қалған жалғызбасты әйелдермен жиі-жиі бас қосып, арақ-шарап ішіп, таң атқанша барқырай ән салып, балаларының бар-жоғын ұмытып кететін болды. Үйге қарауды мүлде қойды. Есіктен төрге дейін шашылған төсек-орынның кірден түсі көрінбейді. Бағатын адам болмаған соң, мал құтая ма, сауып отырған жалғыз сиыр да, оншақты қой-қозы да бір жылға жетпей, жоқ болды. Өлгені өлді, өлмегенін ұры әкетті.
Әйел түгілі еркек жеңе алмаған арақ бірте-бірте Мөлдірдің анасын да біржола өзіне тәуелді етті. Бас жазатын арақ алуға ақша таппаса, бар ыза-кегін үш баласынан алатын, қыз-ау, кішкентай-ау деп аямай, қолына не түссе сонымен ұрып-соғатын. Ал қарғап-сілегенін естіген адамның төбе шашы тік тұрады. Оған “Қарағым, қой, балаларыңды ойла” деп, ақыл айта келген туыс-туғанның көңілі қалғаны соншама, олар бұлардың босағасынан аттамайтын болғалы қашан! Киімі алба-жұлба, үйінің іші-сырты қоқыс, балалары аш-жалаңаш әйелдің бар ойы – арзан шарап болса да, бірдеңе тауып ішу. Адам сияқты ойланудан қалған әйелдің құлқынын тесіп бара жатқан жалғыз нәрсе – ол тек ішу, мас болу ғана.
Қақаған қыста отынсыз үйде дірдек қағып шыққан ашқарын балаларын ана­сы аямағанда, кім аясын? Көршілері де олардан баяғыда теріс айналған. Балалар­дың ішінде бас көтерері – Мөлдір......
Махаббат хикаялары
Толық