Студентердің контингентін автоматтандыру

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Онда:
1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;
2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;
3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы. ....
Рефераттар
Толық

Стандартизация мазмұны және ұғымы

Ақпаратты жұмыспен қамсыздануда дүние жүзінде жетекші рөлді халықаралық стандарттау ұйымы атқарады. 2001 жылға бұл ұйым мен қоса ақпараттық жүйелеу және қызмет көрсету комитеті өз жұмысын жасады.
ИНФКО құзырына қызметтің гармониялығы, ИСО және ақпараттық қызмет саласындағы ұйымдар, мәліметтер базасы, маркетинг, технологиялық реттеулер, стандарттау саясаты ассамблеясының бас мамандары кіреді.
Осы мақсаттардан басқа ИНФКО көптеген басқа да ақпараттық қызмет саласымен байланысты жұмыстар атқарады: стандартизацияның ақпараттық қызмет орталығына қатысты басқару жоспарын құрастыру, ақпарат нарығына және маркетинг қызмет талдау жасау, ақпаратпен алмасу және оны сақтау, іздеу сол сияқты жалпы жұмыстарды атқару, ИСО ұғымымен байланыса отырып құжаттардың таралуына және өнім өндіру жүйесіне ұйымдастыру, халықаралық ақпарат қызметі мен бірлесе отырып қызметін дамыту.
Болашақ стандарттар туралы перспективаға ИНФКО халықаралық электронды және жазбаша түрде ақпарат таситындардың авторлық құқығын қорғау принциптерін ұйымдастыруды халықаралық стандартизациясы саласында мақсаттар шешу және стратегиялық жоспарлау маркетингін ұйымдастыды. Осы функциялар орталық ИСО хатшысына берілді.
Ақпараттық желіні құру – ИСОНЕТ ИНФКО қызметінің соңғы жылдағы басты мақсаты болды. Ақпарат желісінің болашағы өте зор болып соңғы 2001 жылдарда басты функциялары ИСО – ның орталық бас хатшысына берілді. Коммерциялық саясат бойынша туындаған мәселелерді шешу жауапкершілігі ИНФКО – дан басқа топқа ауысты. Көп консультациялық функцияларды орындайды, ал оның құралына стандартизация бойынша ұлттық органдардың коммерциялық директорлары кіреді.
ИСОНЕТ ұйымының алдыңғы мақсаттары- ұлттық және халықаралық стандарттар ақпаратымен алмасуды қамтамасыз ету, кітап басылымын, стандарттау саласында түрлі әдебиеттер шығару болып табылады. Стандарттау саласында түрлі жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оның сапасын көтеріп, жұмысын жақсартады, уақытты үнемдейді, ұйымның қызметінің ұқыптылығын арттырады, халықаралық стандартты кеңінен пайдаланып, оны басқа салалармен байланысын дамытады. On – line режимінде ақпарат алмасу процессі үздіксіз жүріп отырады, ал одан ақпаратты оңай әрі тез алуға мүмкіндік бар болғандықтан оның сапасы төмендемейді.....
Рефераттар
Толық

Сканер

Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады.
Сканер – электронды механикалық құрылғы.
Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады.
Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті.
Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады. ....
Рефераттар
Толық

Сілтемелік параметр

[quote] Сілтемелік параметрі автоматты түрде қатысты аргумент адресін қабылдайды. Аргумент адресін қабылдауды «қолдан» ұйымдастыруға болғанымен, мұндай тәсіл қолайлы емес. Біріншіден, мұндай жол программалаушының барлық операцияны көрсеткіштерді пайдаланып ұйымдастыруға тура келеді. Екіншіден, функцияны көрсеткенде жоспарлаушы аргументтер мағынасын емес, оның адрестерін көрсетуді ұмытпаған жөн. С++ программасында компиляторларды сілтемеге автоматты түрде шақырулар қолдануға және ол нақты бір немесе бірнеше функциялардың параметріне бағытталады. Бұндай мүмкіншілік сілтемелік параметрінің арқасында жүзеге асырылады. Функцияның сілтемелік параметрін пайдаланғанда, аргументтің мағынасы емес, оның адресі беріледі. Функцияның кодын орындағанда, сілтемелік параметрінің операцияларын орындағанда, оның атауы автоматты түрде айырбасталады, сондықтан программалаушыға көрсеткіштермен жұмыс жасайтын операторларды пайдаланбауына болады.
Сілтемелік параметрі «&» символымен белгіленеді және ол хабарланған функция параметрінің атауына сай келуі керек. Сілтемелік параметрінің операциялары, шақырылған функцияның аргументіне ықпал етеді.
Сілтемелік параметрінің жұмыс істеу механизмін түсіну үшін, қарапайым мысалды қарастырайық. Келесі программада f( ) функциясы int типті сілтемелік параметрін қабылдайды.

#include
using namespace std;

void f (int &i);

int main()
{
Int val = 1;
cout
Рефераттар
Толық

СИМВОЛДАРДЫ ФОРМАТТАУ Ms Word

Ms Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол – мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
ЭЕМ мәтінге қолданатын амалдарды автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүкіл мәтіндегі бір сөзді басқа сөзбен ауыстыруға, мәтіннің қажет үзіндісін немесе белгілі бір суретке сілтемелердің барлығын оңай табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мәтінге қосымша бір – екі сөз қосып жазу керек болсын, онда бүкіл мәтін қалқып кетеді, бұрын бір жолдан екінші жолға тасымалданып жазылған сөздер енді жолдың ортасында болуы мүмкін, ал жол ортасындағы сөз – жолдың шетіне ауысуы мүмкін. Жаңа сөздер қосылғаннан кейін «тегіс» мәтін алу үшін сөздердің жаңадан орналасу жағдайын есептеп, олардың жолдары бойынша орналастыру қажет. Осындай шығармашылық емес, техникалық жұмысты қазіргі заманғы мәтіндік өңдеу жүйелері ешқандай қиындықсыз орындай алады.
ЭЕМ – де мәтінмен жұмыс істегендей тағы бір жақсы мүмкіндік – ол өзгерістерді кері қайтару, яғни мәтіннің алдыңғы күйлерін қалпына келтіру, өзгерістерді кері қайтарудың көмегімен қателесіп өшірілген жолдарды, абзацтарды және тарауларды қалпына келтіруге, мәтіннің өткен вариантына кері оралуыа болады.

Міндеті: Мәтінді ЭЕМ – де өңдеудің артықшылығы – информацияны өзгерту, көбейту және көшірп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да өзгерістер мәтіннің өзгерілетін шағын бөлігіне ғанга енгізіледі. Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ – нің зердесіне енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей – ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша уақыт өтсе де кез келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.
Мақсаты:
-Қаріптер (Шрифтер)
-Қаріптердің негізгі параметрлерін тағайындау
-«Қаріп» сұқбаттасу терезесін пайдалану
-Мәтіннің астын сызу
-Абзацты форматтау
-Абзацты форматтау тәсілдері
-Формат менюінің контекстік менюінің Абзац командасы
-«Форматтау» - саймандар тақтасының құралдары
-Абзацтарды туралау ....
Рефераттар
Толық

Си тіліндегі құрылымдар

Си тіліндегі бағдарламалау- мәліметтер құрылымын анықтау, тұтынушылар құрылымын қамтамасыз етеді. Ол бір атпен жинақталған топпен жұмыс істеуге ыңғайлы және бір немесе бірнеше обьектілердің жиынтығы болып табылады. Құрылым жұмыс бағдарламасының принциптерін түсінуді және жазуды жеңілдетеді, сонымен қатар қандай да бір жалпы түсінікпен біріктірілетін мәліметтерді жинақтауға көмектеседі
( мысалы, мәліметтер: аты/ фамилиясы/ туған жылы/ емтихан бағалары бойынша студент туралы мәліметтер құрылымын орналастыруға болады). Құрылым бір-бірімен өзара ауыспалы байланысқан көп жеке элементтер, сонымен қатар бір толық қолданылады. Массив тәріді, құрылым өзімен бірге мәліметтер жиынтығын ұсынады, бірақ одан айырмашылығы оның элементтерінің аты бойынша әр типті болуында. Құрылым қай жерде бір обьектіге қатысты түрлі мәліметтерді біріктіру үшін қолдану қажетті болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Сараптау жүйелері

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

Сараптау жүйелерін тұрғызудағы құрал-жабдықтар

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

Паскаль тiлiнiң операторлары

Программаға енетiн нұсқауларды (командаларды) Паскаль тiлiнде оператор дейдi.
Паскаль тiлiнiң операторларын қарапайым және күрделi (құрама) операторлар деп екi топқа бөледi.
Қарапайым операторлардың құрамына басқа оператор енбейдi. Ал күрделi операторлардың iшiне бiрнеше қарапайым операторлар енуi мүмкiн.
Паскаль тiлiнде қарапайым операторларға: меншiктеу, көшiру, бос, енгiзу және шығару операторлары жатады.
Күрделi операторларға: шартты көшiру, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бұл оператоблар тұтас бiр оператор қызметiн атқарады. Программада операторлар орналасқан ретi бойынша (көшiру операторы болмаса) орындалады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Мектеп информатика курсы бойынша өткізілетін дәстүрден тыс сабақтарға талдау

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады.
Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық