Өзін Таңшолпан Ахметова деп таныстырған зейнеттегі ұстаз Баян бақытын тапқаннан кейін Бақытбек Есентаевты түрмеден босату керектігін айтып, "Қамшы" порталының редакциясына хабарласты.
Парламент депутаттары кеше зейнетақы қорының тағдырын сөз етті. Халық қалаулылары тұрғындардың қордағы қаражатты мерзімінен бұрын алуына мүмкіндік беру керек дейді.
Еліміз бойынша ең қымбат нан бағасы Петропавлда. Қазірдің өзінде халық ең көп қолданатын "Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бір бөлкенің құны 86 теңгеге дейін жеткен.
Алматыда қоғамдық көлікке енгізілген «Оңай» электрондық төлем жүйесі Алматы облысының кей тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мегаполис маңында тұратын зейнеткерлер мен студенттер жеңілдігі бар «Оңай» картасын ала алмай жүр деп хабарлайды Азаттық.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді.
Атын жұмбақ күйінде қалдыруды өтінген қария ешқандай да лоторея жеңісіне қол жеткізбеген. Тек осыдан біраз жыл бұрын сақтап қойған естелік монеталарын нумизматтар ірі ақшаға сатып алған....
Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.
Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.