Қадыр Мырза Әли (Бейнет - зейнет пернесі)
Жігітке жиырма деп қараған кім?
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның.
Туған күні тумайды ер,
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.
Бір ұғудай ұғып-ақ алғам мұны,
Артық шығар марғаудан малдың құны.
Өлген күні өлмейді ер,
Өледі ол
Қолынан іс келмей бір қалған күні.
***
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес,
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар!
***
Көңілдестер әр түрлі ұлыстан бар,
Керемет қой үндемей ұғысқандар.
Күнде-күнде көруге уақыт болмас,
Күле отырып ішелік, туысқандар!
Саулығыма қуансын туысқандар,
Сана-сезім,
Сендерде де тыныстаңдар!
Бір дем алып алайын әйткенменен,
Демалдырмас алда әлі жұмыстар бар.
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның.
Туған күні тумайды ер,
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.
Бір ұғудай ұғып-ақ алғам мұны,
Артық шығар марғаудан малдың құны.
Өлген күні өлмейді ер,
Өледі ол
Қолынан іс келмей бір қалған күні.
***
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес,
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар!
***
Көңілдестер әр түрлі ұлыстан бар,
Керемет қой үндемей ұғысқандар.
Күнде-күнде көруге уақыт болмас,
Күле отырып ішелік, туысқандар!
Саулығыма қуансын туысқандар,
Сана-сезім,
Сендерде де тыныстаңдар!
Бір дем алып алайын әйткенменен,
Демалдырмас алда әлі жұмыстар бар.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бейнет түбі зейнет, бейнет, бейнет туралы өлең, түбі зейнет, қадыр мырза әли Бейнет - зейнет пернесі өлеңі олен стих, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы