Қазақстан үкіметі зейнетақы жинағының бір бөлігін үй жағдайын жақсарту, емделу немесе инвестициялық компанияларға беру мүмкіндігін қарастырып, шара қабылдап жатыр. Осыған орай 2021 жылы 21 қаңтарда зейнетақы төлемін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережесі бекітілді. Ал 23 қаңтар күні Бірыңғай жинақтаушы зейнеатақы қоры мен “Отбасы банкі” акционерлік қоғамыЕnpf-otbasy.kzсайтын ашты.
Кіріспе Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар: Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.....
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.