Заманауи есімдер: ұлдар мен қыздарға қазақша есімдер мағынасы

Мамандар есімінің тағдырға қаншалықты әсер ететіні әркімнің сеніміне байланысты екенін айтады

 

Ғалымдар осы уақытқа дейін бір есімді иеленген адамдардың мінезі мен өмір сүру салты, тіпті, сырт келбеті өзара ұқсайтынын дәлелдеді. Ал психоаналитик мамандар барлығы адамның сеніміне байланысты екенін айтады. Яғни әр адам өз есімінің тағдырына қалай әсер ететінін өзі таңдайды. Бірақ осы таңдауына қоршаған ортасы, әсіресе, жақын адамдары міндетті түрде әсер етеді. Қалай десек те, қазақ халқы ат қою рәсіміне ерекше мән бергені сөзсіз. Әдетте танымал жұлдыздар мұндайда мұқият болуға тырысады. Бұл өз таңдауының көпшілікке әсер ететінін білетінімен байланысты болса керек.

Есімдер мағынасы
Толық

Замануи білім – менің болашақ капиталым

Мен, Амангелді Дияр, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы жедел оқиғалар заманында, белсенді төртінші өнеркәсіптік революция даму үстіндегі мемлекетте өмір сүрудемін. Замануи білім - менің бастапқы капиталым екенін саналы түрде түсінемін, оның негізінде болашақта өмірлік және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Болашақта жоғары білікті маман болғым келеді. Әрине, бірінші сыныптан бастап ата-анам маған ұстамдылық, тәрбие, қайсарлық, ұқыптылық, тәуелсіздік, көшбасшылық деген қасиеттерді бойыма сіңіруде. Болашақта кез-келген кәсіптік мәселелерді тиімді шешуді үйрену үшін үнемі өзіммен жұмыс жасаймын және кейбір пәндер бойынша жеке қасиеттерімді дамытудамын.

Еліміздегі білім берудегі төңкерістер тиісті уақытта болып жатыр деп санаймын. Біз білім мен дағдылардың негізін жинай бастадық, өмірлік жағдайларды сабақтарда шешеміз, ол педагогикалық тілде «функционалдық сауаттылық» деп аталады екен. Білім беру капиталы жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны талап етеді. Замануи білім - адамның өмірлік табысы, күнделікті наны, жанның әл-ауқаты, рухани бай мәдениетінің дамуының кепілі болып табылады. Әрине, қазіргі әлемде сіз байып кете аласыз, бірақ «білімсіз кәсіпкер» ретінде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болады?. Мен небәрі 14 жаста болсам да, кез-келген қоғамда білім деңгейім белгілі бір орынға ие болатынын анық түсінемін, сондықтан шапшан өзгерістер толқынынан қалмауды жөн көремін. Болашақта мен ата-ана болғанда, ұрпағымның мәселесін шешуге көмек бере алмайтын, ақыл-парасатсыз жағдайға душар болғанымды қаламаймын......
Эсселер
Толық

Замануи картографиялық зерттеу әдістері (10 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Картография және геоинформатика
Сабақтың тақырыбы: Замануи картографиялық зерттеу әдістері
Оқу мақсаттары: 10.2.1.1. Зерттеу тақырыбына сай картографиялық зерттеу әдістерін қолдану
10.2.2.1. Microsoft Excell бағдарламасын пайдалана отырып, географиялық мәліметтер базасын құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар зерттеу тақырыбына сай картографиялық зерттеу әдістерін ажыратын, қолданып үйренеді............
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық