Біз мына күйкі тіршіліктің қамымен жүріп, дәл қасымызда үндемей-түндемей, ешкімге де дабыра қылмай, қолынан келгенше жұртқа жақсылық жасап жүрген жандарды байқай да бермейміз. Одан да бізге әкім не жеп қойдды, кім кімді тонап кетті болмаса кім кімді басып-жаншып кетті деген қауесет пен ақпараттар жанымызға жақын, жүрегімізге жылы тиетін секілді.
Пән:Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер. Сабақ тақырыбы:Жұматай Жақыпбаев «Бейбітшілік болса» Оқу мақсаты: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтайды, шағырма тақырыбына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, сұрақтар құрастырады және жауап береді. Кейбір оқушылар: мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.......
Көрген түсін жорытып, оның орындалуын тағатсыздана күтетіндер бар. Ырымшыл біздер үшін бұл жағдай таңсық емес. Керісінше, көрген түсін елеусіз қалдырып, бүгінгімен өмір сүретін адамдар да аз емес. Төмендегі бірнеше мысал "түс - түлкінің боғы" екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдейді. Егер түсіңізде небір оқиғалардың куəсі болып, өңіңізде өз көзіңізге өзіңіз сенбей жүрсеңіз, нақты салдарын мақаладан біле аласыз.
Адам ұйықтаған кезде ми жасушаларының барлығы дерлік "ұйқыға" кете қоймайды, кейбір бөлімдері қызу жұмыс істейді. Осы бөліктер арқылы біз бұрын көрген, естіген, дәмін татқан заттардың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Əрі ұйқыдағы адамның миы жартылай тежелуге ұшырайтындықтан, ойлау дəрежесі төмендеп, түсте небір ақылға сыйымсыз образдар бейнеленеді.
Адамның күндіз басынан кешкен оқиғалары, тілегі мен арманы, өзгелермен қарым-қатынасы, күнделікті қызметі сынды əрекеттер түс көруге бірден-бір себеп. Физиологиялық тұрғыда ми жасушаларына кез келген қимыл-қозғалыс (ағаш жапырағының сылдыры, қоңырау сыңғыры, əтештің шақырғаны, есіктің ашылғаны), тіпті ұялы телефондағы вибрация да əсер етеді. Ағзаңызда (жүрек, асқазан) жайсыздықтың орын алуы да түсіңізге қай-қайдағы "кереметтерді" кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне салмақ түссе, кенеттен қатты соға бастайды. Түсіңізде біреумен төбелесіп, яки қашып жүрсеңіз немесе ақшаңызды жоғалтып сабылуыңыз да жүрек соғысының əсерінен екен. Сол себепті, "өңімде ақшам жоғалады-ау" деп қорқудың еш қажеті жоқ.
Өмірде естімеген, көрмеген дүниелердің түске кірмейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: туғаннан көру қабілетінен айырылған адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, есесіне иіс, есту, дəм арқылы қабылданған нәрселері енетін көрінеді.
Қатты шаршап, қалғып кеткенде, жартастан немесе биіктен құлап бара жатқандай күй кешіп, өздігіңізден шошып оянатын кездер де болады. Себебі, адам клиникалық өлімге ұшырап кетуі ықтимал болса, мидан сигнал беріледі. Сол кезде қорқынышты түс көргендей шошып оянып, қайтадан тəтті ұйқыға кетесіз. Осындай жағдай жиі қайталанса, "періштем қақты" деп есептеңіз.
"Иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді". Түсіңіз шынайы өмірде орындалып, қуанышқа кенелуіңіз, яки орындалмай арманда кетуіңіз де ғажап емес. Сол себепті шынайы ғұмыр кешейік!
Жақында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Кескіндеме және мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Жұмабай Қайрамбайдың «Өнермен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Байтұрсын Есжанұлы, Тұрдақын Жексенбай, Керімбай Қыстаубаев, Аман Құлбаев, Бауыржан Байділда сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында автор аталған еңбекті жазудағы басты мақсатына тоқталды. Кітаптың жарық көруіне белгілі суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор, Қырғыз Ұлттық Көркемсурет Академиясының академигі Жұмақын Қайрамбаевтың өмірі мен өнері арқау болған. Кітаптың бас кейіпкері Италиядағы ірі сурет көрмесінде өз туындысын таныстырғанда, шетелдік суретшілер қазақ халқында мұндай өнер мүлде болмаған деп таңданысын білдіріпті. Сонда суретші мүдірместен ата-бабаларымыздың ерте ғасырдан-ақ тасқа қашап сурет салғандығын айтқан. Осы оқиғаны тілге тиек еткен Жұмабай Қайрамбай: «Қазақ ертеден өнерлі халық. Кітапта кескіндеме, сурет өнерінің қыр-сырына үңілдім. Оқырмандар, жастар осы өнерге қызығып, дамытамыз десе, құба-құп», – деді. Кескіндеме өнерінің кеңінен танылуына үлес қосқан суретшінің көркем шығармалары еліміздің мұражайларымен қатар, шетел қорларында да сақтаулы.
Іс-шараның екінші бөлімінде «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрдақын Жексенбай: «Жұмақынның тілі жеңіл, сөз байлығы мол. Əрбір жастың ой-өрісін көркем əдебиет жетілдіреді. Ал қолымыздағы кітап қазақтың кесіндеме өнерін насихаттап қана қоймайды. Сондай-ақ, өрелі өнерді өнегелі сөзбен жеткізетіндігін» айтып, жинақтың тұсауын кесті. Жиын соңында ақын Маралтай Райымбек жыр оқып, əнші Рамазан Стамғазиев «Екі жиренді» нақышына келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.