Жұматай Жақыпбаев (Ләйләң қайда?)
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн,
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.
Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп:
«Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!»
Құшағы бар аялайтын аялы,
Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды.
Аяды кеп, аялады күлмеді,
Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені:
«Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп,
Күлкілі боп жүрісің де бақыт», - деп.
Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.
Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспастан қара жерше сүйемін.
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.
Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп:
«Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!»
Құшағы бар аялайтын аялы,
Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды.
Аяды кеп, аялады күлмеді,
Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені:
«Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп,
Күлкілі боп жүрісің де бақыт», - деп.
Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.
Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспастан қара жерше сүйемін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жуматай жакыпбаев Ләйләң қайда стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке жуматай жакыпбаев, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери, Ләйләң қайда, жұматай жақыпбаев ләйлә туралы