Сүлеймен Баязитов| Ұлысын ұлықтаған ел жүрегі

Бірер сөз

Көзінің тірісінде- ақ аты алты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның саңлақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдарының өзінде әр жылдарда там - тұмдап болсын «Үш ғасыр жырлайды», « Бес ғасыр жырлайды» жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгіл ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмтылып бара жатқандай еді.

Оған 1952 - жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз.

Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып, талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Қазақтың тірегі мен жүрегі


Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған.

Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б.

Бірталай азаматтардың ойларын ортаға салып, нақтылы мысалдар келтіреді. Соның бірі – Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруашылығында. Өңірдегі шаруашылықтардың шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы ортасына түскен адамдардың үкілі үміті желге ұшқан тұста облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған едік. .....
Әңгімелер
Толық

Талап Сұлтанбеков | Жүрек тулайды

.Профессор Садықов лабораторияға қабағы түксие кірді. Бұрын жұртпен жайдары сәлемдесетін ол бүгін тек басын изеп, үстіндегі болонья плащын шешпестен өз кабинетіне өте шықты. Бионикалық микротолқындарды зерттейтін «МТ-6» аппаратының жұмысын тәртіптеп, оны кезекті сеансқа дайындап тұрған аспирант Қайрат Саурықов профессордың кескінін көріп, аздап абыржып қалды. «Бүгінгі сеансқа тиым салмаса не қылсын»,— деп ойлады ол ішінен. Әйтсе де сыр бермей өз ісімен айналыса берді.

Ұзынша келген бөлменің ішінде үш адам бар. Әрқайсысы арнайы биотәжірибелерге лайықтап құрастырылған аспаптардың қасында тиісті жұмыстарын шұқылап үн-түнсіз қалды. Аға лаборант Жәмила Дәулетова жұлдыз құрттардың бір нешеуін колбаға салып токпен тітіркендірді. Құрттар бірінен соң бірі ыршып қарғып шығып жатыр. Қайрат «МТ-6» аппаратын жинастырды да токқа қосты. Қолына кәдімгі микрофонды ұстап Жәмила деп өте ақырын сыбыр етті. Оның дауысы аппараттың тырсылдаған дыбысына сүңгіп естілмей қалды. Дегенмен Жәмила жалт бұрылды.

— Қайрат, сен маған бірдеңе дедің бе?

— Жоқ,—деп жауап берді Қайрат.

Қайрат «МТ-6» аппаратын жоғары жиіліктегі токқа қосты да, басына радиоқұлақшынды киіп алды. Оцилографтан қызыл күрең жолақтар көрінді. Бұл оның миындағы биотолқындардыц экрандағы көрінісі. Қайрат Жәмиламен ойша сөйлесе бастады.

— Жәмила, сен маған дос едің ғой. Мен профессордың қабағынан қорқып қалдым. Сен мені естисің бе? Маған бұрылшы қазір.

Жәмила кері бұрылды да, жымиып күлді.

— Қорықпай-ақ қой. Садықов түнімен ғылыми советке баяндама әзірлеген. Бәлкім ұйқысы қанбаған шығар.

Жәмила бұл сөздерді күлімдеп тұрып ойша айтты. Бірақ Қайрат радиоқұлақшыннан анық естіді. Ол қуанып кетті. Бұлардың сөздерін бөлмедегі үшінші адам естімеген еді.

Қайрат университеттің биология факультетін бітіріп, биофизик мамандығын алған-ды. Аспирантураға тускеніне екінші жыл. Алған тақырыбы «Биотолқындардың түрлі адамдар организміндегі үндестігі». Биотолқындар жөніндегі көп жәй ғылымға бұрыннан да белгілі. Ол адам организмінде шағын мөлшерде пайда болып, білінер-білінбес магнит өрісін тудырады. Бар болғаны осы ғана. Алайда кейбір шет елдерде парапсихология деген ғылым бар. Бұл ғылыммен көптеген ғалымдар шұғылданады. Арнайы журналдар шығып тұрады. Бұл жөнінде «тоқсан тоғыз» ғылыми еңбектер де жазылған. Бірақ біздің ғалымдар мұның барлығын құр шимай деп ұғады. Расында да сенер-сенбесіңді білмейсің. Шет ел ғалымдарының ойынша адам организмі, дәлдеп айтқанда орталық ми қабығы шоғырланған биотолқындар шығарады. Ол бөгде бір адамға әсер етеді. Тіпті әлем кеңістігіне тарайды. Қашықтық талғамайды дейді. Бұл бұл ма, олардың айтуынша кейбір қабілетті адамдар көзден ұшқындайтын пікір толқындар арқылы біршама жерде тұрған жеке заттарды орнынан қозғауы да мүмкін екен. Тұтқасынан тартпай-ақ есікті де ашып жіберуі ғажап емес. Әрине, бұл бос сөз делік... Адам миында пайда болатын магнит өрісінің күші ұлпа жүнді де ұшыра алмайды. Дегенмен... .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Ана жүрегі


Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен.

Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!».

Кенет бұлттай қаптаған шаң мен түтін қойыртпағының арасынан Балқияның дәл алдынан Мәмбет шыға келді. Өз Мәмбеті, аңсаған алтын ұлы. Мылтық ұстаған қолын көкке сермеп, «апа!» деп, ол Балқияға қарай кұшақ жайып ұмтылды. Сөйткенше болмады, алып қоңыз тәрізденген қара сұр ірі танк Мәмбеттің арт жағынан сумаң етіп, ол да шыға келді. Жылан бауыры қаршылдап, өте шықты жосылтып. Мәмбет оған бір тал бұта құрлы да болған жоқ, танктің зіл кеудесіне көміліп қала берді...

«Мәмбет!» «Мәмбет!» .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көлеңкеңмен қорғай жүр

ЖЫР БАСЫ



Тың жерлерді игерудің

20 жылдығына

Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.

Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Үлкен жүрек

Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.

Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Әңгімелер
Толық

Жеті жүрек

Ертеде бір сақи* патша болыпты. Патша бір күні үш уәзірін сынамаққа былайша сұрақ қояды: «Уа, уәзірлер, сақилық ниеттен бе, жоқ дәулеттен бе?» Уәзірлері: «Дәулеттен ғой, өйткені мал көп болса сақилық етек алады. Қазына, мал болмаса қандай сақилық болады», – деді. Патша: «Олай емес, сақилық сүйекке бітеді және ниеттен болады», – деді. Уәзірлер оған қарсы жауап айтты. Бір күндерде патша диуана киімін киіп, қайыршы болып бірінші уәзірінің үйіне келеді. Уәзір: «Рұқсатсыз үйіме кіріп, үйімнің ішін былғадың», – деп, қайыршыға ақырады. Диуана аштығын айтып, ас сұрап босағада жылап тұрды.......
Ертегілер
Толық

Биология | Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі

Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары.



Туа біткен жүрек ақаулары жайлы түсінік, даму себебі, негізгі клиникалық көріністері, диагностикалық әдісі және емдеу.

Балаларда қан тамырларының тонусының бұзылуы, себебі, клиникалық көріністері және емдеу әдістері.

Балалардың жүрегі үлкендердің жүрегіне қарағанда жоғары орналасқан, шар тәріздес. Жүректің бұлшық еті қанмен жақсы жабдықталған, сондықтан көп ауыр жағдайларды көтере алады.Артериалар мен веналар бірдей кең, сондықтан қан қысымы төмен. Жаңа туған балалардың қан қысымы 70/35 мм сын.бағ. бойынша, 1 жастағы балада бұл көрсеткіш 80/45 мм сын.бағ. Бір жастан асқан балалардың максимальды (жоғарғы) қан қысымы Молчанов формуласы бойынша анықталады: ҚҚ=80+2п, п-баланың жасы. Ал максимальды (төменгі) қан қысымы бұл санның жартысына тең. Мысалы: 5 жасар баланың қан қысымы-80+2х5=90, яғни 90/45 мм сын.бағ. Қан қысымы Рива-Роччи аппаратының көмегімен Коротковтың әдісімен айқындалады. Балалардың тамыры (пульсі) жиі тұрақсыз ағады.



Жаңа туған балада-120-140 рет минутына



1 жастағы балада -110-120 рет



7 жастағы балада -85-90 рет



15 жастағы балада -80-76 рет



Тамыр соғу жиілігін тұтас 1 минут ішінде кәрі жілік, самай, ұйқы артерияларының үстінен, үлкен еңбектің қимылдауы (соғуы) бойынша табуға болады. Бала жылағанда, дене қызуы көтерілгенде тамыр соғуы жиіленеді. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ

Жүрек кызметінің жеткіліксіздігі жүректің өзінің аурулары кезінде дамиды. Жүрек бір соққанында 60—75 мл қан шығарса, бір минөтте 4,5—5 л, бір тәулікте 7200 л, бір жылда — 263 тонна қан айдайды. Бұл көрсетілгендер қалыпты жағдайда болса, ал ауыр қол жұмысын жасағанда немесе спортпен шұғылданғанда бұлардың барлығы 3—4 еседен астам көбейеді.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік жолдармен дамуы мүмкін:

1. Шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің зорығуынан;

2. Миокардтың бірінші бүліністерінен;

3. Перикард қызметінің бұзылыстарынан;

4. Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

5. Осы көрсетілгендердін біріккен бұзхылыстарынан.

Миөттік қан көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұратын компенсациялық механизмдерге тахикардия жатады. .....
Рефераттар
Толық