Бейімбет Майлин | Құрымбайдың жігітшілігі

Күзгі күн еді.

Күн ұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай тынып басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде. Күн батып бара жатыр. Батар күннің сәулесі қызарып шашырап, дөңес жерлер қарауытып, қабағын жауып түнеріп тұр. Күншығыс жақтан құшағын жайып кележатқан қою қараңғылық — жапан даланы ұзатпай бүркейін деп тұрған сияқты.

Дала бос. Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып тақырланған жер жүректі тартпайды. Жүрек әлденені іздеген секілді. Қызықты жаздың құлпырған жерін жоғалтқан секілді. Мынау жол жанында жатқан кішкене шалшық су — бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап ұйысып жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламыштанып, ұйысқан шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда бұған көгорай шалғын бітті, кемерінен асып суы шалқыды деп кім айтар?

Күн бата Ырысбайдың белесіне жалғыз атты қақпалап; қорапсыз арбаға мінгесе мінген екі адам тырмысып келе жатыр. Жеккен аты арық, көтеремге шалдыққан малша, сүйектері ыржыңдап түр. Барынша шабан, шыбыртқы тисе бар денесін салып жіберіп, солқылдап жортқан болып, кішкене жүргесін тағы аяңдай бастайды. Арбаны қиқая бір жақ иығымен тартып, бір көзін айдаушының шыбыртқысынан айырмайтын сияқтанады. Шыбыртқы көтеріле бергеңде-ақ аз қымсынып жүре бастайды. .....
Әңгімелер
Толық

Жылан қабықты жігіт

Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде, шалдың кемпірі айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды іздеп келе жатса, бір шаң көрінеді. Жақындаса, қара айдаһар мен сары айдаһар арбасып-алысып жатыр екен. Қара айдаһар сары айдаһарды өлтіреді. Шал өлген айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерігі......
Ертегілер
Толық

Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:

— Ата, жолды қысқартайық, – дейді. Қарт:

— Жол қалай қысқарады? – дейді. Жігіт:

— Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, – дейді. Шал ішінен:

— Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Мен қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып қарап қояды. Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп:

— Ата, мына егін сіздің елдікі ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық

Қара жігіт

Қадым заманында, жайқын теңіздің қабағында, бір күшті ханның уалаяты тұрады екен. Бұл уалаятты Темір мырза деген ұлы хан билеп тұрады екен. Бұл бай жақсы, рақымды адам болмапты. Күндей күркіреп, халыққа атағы жайылып тұрыпты. Ханның қазынасында неше түрлі асыл тастар, неше түрлі ою-өрнек салған ыдыстар бар екен. Дүниеде мұнан бай адам болмапты. Барша халық мұның байлығына таң қалып, сәлемге келіп жүреді екен.

Бұл ханның бір қымбатты дүниесі болыпты, оған бұл дүниенің қазынасы тең келмейтін. Ол қымбат дүние – оның Зайра деген қызы еді. Мұның сұлулығы ешбір адамда жоқ сұлулық. Оның шашына желдің самалы тимеген, ал қара көздеріне күннің сәулесі түспеген екен.......
Ертегілер
Толық

АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін....
Махаббат хикаялары
Толық

Буындарыңыз ауырып жүр ме?

Егер буындарыңыз ауырса, одан құтылу үшін көптеген дәрі пайдаланып көрген шығарсыз. Алайда оның ешқайсысы көмектеспесе, сізге жаңа әдіс қолдану керек. Бұл әдіс сіздің аяғыңызға, мойыныңызға, беліңізге пайдалы.

Ол үшін небары 150г желатин қажет. Бұл мөлшер толық бір айға жетеді. Күн сайын желатиннің екі шай қасығын қолданып, оның 1/4 бөлігін бір тостаған мұздай сумен араластырып, түнге қалдырасыз. Ертесіне бұл қоспаны.....
Кеңестер
Толық

Инсульттің алғашқы белгілері

Инсульт – мидағы қан тамырларының қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Оның әсерінен мидың қан тамыршалары бітеледі, ал бұл қанның ұюына әкеп соқтырады. Жыл сайын миға қан құйылуы салдарынан миллиондаған адам қаза табады. Инсульт алған адамды дереу құтқармаса, салданып (паралич) қалуы мүмкін. Және құтқаруға сіздің....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Аяқ күтіміне арналған ванна

Әйел адамның аяғына қаншалықты көп күш түсетіні белгілі. Көп жағдайда нәзік жандылар ауыр-ауыр жұмыстарды мойнына алып жатады. Нәтижесінде ағзаға жүк түсіп, әсіресе аяққа ауыр тиеді. Әйелдің көңіл-күйі мен белсенділігі аяғының жағдайына да байланысты. Қандай жағдай болмасын, жұмыс уақыты аяқталған соң дене толық демалуға мүмкіндік....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ.....
Кеңестер
Толық