Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі. Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді: ....
Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады. Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі. Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады. Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.....
Жергілікті қаржы - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. ....
Әрбір адам өзінің адал некелеп алған жарымен жыныс қатынас жасаудан алдын осы дұғаны оқыса, ол шайтанның азғыруынан құтылады: «Бисмилләһи, Аллаһумма жәннибнәш-шайтанә уә жаннибиш-шайтанә ма разақтана». Және сол қосылудан кейін пайда болған балаға шайтан зиянын тигізе алмайды. Қосылған соң, бой дәретін алу керек. Яғни, ғұсыл құйынып алу шарт.....
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады .Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады.4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ.Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны бір жасқа дейін біркелкі ,бір жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды,оның мөлшері де ұлғаймайды.Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және бір жасқа дейін күшті болады сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады.Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11,қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады.Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыздардың өсуі мен дамуы бірдей болады.Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілермен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.....
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/. Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты. Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін. Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады. Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі. Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. ....
Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін өзгертпейді. Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге «Жиһаншаһ», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек» деген төрт дастаны белгілі болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның «Жиһаншаһ» дастаны, әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі «Мың бір түн» аңыздарындағы «Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме» тарауының негізінде шығарылған. Оқиға желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен, аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: «Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ, сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты» деп қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда: Тамузға бала дерті болды түйін, Баласыз қайғы деген қандай қиын. Көрмедім бір баланы сүйе алмадым, Не керек сансыз түймен мал мен бұйым,- деп басталып, бірнеше шумақтың бойына патшаның ішкі жай-күйін шебер бейнелеген. Әдемі суреттерді баланың өмірге келуін баяндаған тұстарынан да көреміз. «Мың бір түн» бұл иірім басты кейіпкердің өз атынан айтылады да, бір ғана сөйлеммен беріледі. Ал дастанда басты кейіпкер үшінші жақта қолданылған. Баяндаушы – автор. Оған берген тәңірі артық бақты, Мінгізген тәңір қалап алтын тақты. Ханшаның медет кәмәлі тамам болып, Жетті де ай мен күндей бір ұл тапты. Әдемілікті, сұлулықты бейнелеу барысында аспан әлемін қолдану, яғни, айға, күнге, жұлдызға теңеу қазақ фольклорында көне дәуірде қалыптасып, дәстүрге айналған құбылыс. Дастандағы басты бейне – Жиһаншаһтың өмірге келуі осылайша сипатталады.....
Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
КІРІСПЕ Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.....