Төрт түлік мал (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Мал – баланың шашуы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ат - ер қанаты

Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар.
Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан....
Шығармалар
Толық

Жылқы, ат

Жоспар
Кіріспе
• 1 Жылқыны қолға үйрету тарихы
o 1.1 Қазақстандағы тарихы
 1.1.1 Арийлер кезеңі
 1.1.2 Сақтар кезеңі
• 2 Биологиясы
o 2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері
o 2.2 Сипаттамасы
 2.2.1 Түсі
• 3 Түрлері
• 4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы
• 5 Пайдаланылған әдебиет









Үй жануары
Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар

Жамағаты: Хордалылар

Табы: Сүтқоректілер

Кіші табы: Нағыз аңдар

Ықшам табы: Ұрықжолдастылар

Сабы: Тақтұяқтылар

Тұқымдасы: Жылқылар

Тегі: Жылқы
Түрі: Жабайы жылқы

Кіші түрі: Үй жылқысы


Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ....
Рефераттар
Толық

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа жануарды бағалай білген.

Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады.

Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидас......
Кеңестер
Толық

Әдебиет | Жылқы малдың патшасы

«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған......
Ғылыми жобалар
Толық

Ветеринария | Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы

Кіріспе
Қарапайымдылар өз алдына бірторшадан құрылған денелер, олар бірімен бірі бөлінбейтін байланыста болатын ядро және цитоплазмадан тұрады.
Ядро торша өмірінде екі қызмет атқарады: генетикалық және метаболтикалық. Ол цитоплазманың айрықша жерінде орналасқан Ядро сыртынан қабықшамен қоршалған, ішінде ядро шырыны (нуклеплазма), хроматин және кіші ядросы бар (нуклеолдар). Ядро қабықшасы екі жарғақшадан тұрады, онда ядролық цитоплазмалық алмасуды қамтамасыз ететін жүйе орналасқан. Қабықшада азықтық заттарды сіңіретін саңлаулар бар. Ядро ішін толтыратын шырын түссіз заттан құралған. Оның құрамында әртүрлі белоктар, нуклепротеидтер, гликопротеидтер және ядро ферменттері енеді. Хроматин белоктан және нуклеин қышқылдары, оның ең бастысы ДНК – дан құралған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу

1 КIPIСПE
1.1 Жұмыстың өзeктi мәсeлeлepi жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы Қaзip жылқы шapуaшылығы – aуыл шapуaшылығындa бaсты сaлaлapдың бipi. Eгeмeндi eлiмiздe шapуaшылықтap тapaп жeкeшeлeндipу кeлгeлi aуылдың нeгiзгi күшi жылқыдa болып тұp [1].
Жылқы тaулы, шөл жәнe шөлeйт aудaндapдa нeгiзгi күш peтiндe пaйдaлaнып қaнa қоймaй eлiмiзгe жоғapы сaпaлы eт пeн сүт бepiп, aт споpтындaғы дa оpны бөлeк.
Peспубликaмыздa жылқы шapуaшылығын өpкeндeтудiң нeгiзгi мiндeтi оның сaнын көбeйту жәнe тұқымын aсылдaндыpу. Бұл үлкeн мiндeттi жылқы шapуaшылығындa iстeп жүpгeн тәжipибeсi мол мaмaндap жәнe көптeгeн жылқышылap жоғapы сaпaлы жaңa тұқымдap өсipу, оны дұpыс күтiп мәдeни түpдe бaғу әдiсiн қолдaну нeгiзiндe ғaнa оpындaуғa болaды. Жылқы өсipудe жәнe оның сaпaсын apттыpудa aйғыpғa aйpықшa көңiл бөлiп, олapғa сәйкeс aнaлықты дa тaңдaп aлғaн жөн. Aсыл тұқымды жылқы өсipiлeтiн зaуыттapдың нeгiзгi мaқсaты – aсыл тұқымды aйғыpлapды, биeлepдi толығынaн пaйдaлaнып, олapдaн aлынғaн тұқымдық жылқылapды кeлeшeктe хaлық шapуaшылығынa пaйдaлaнуғa бepу ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды. Жылқыны қолда ұстап баңқанда оларға азық ретінде берілетін жемазық дақылдар қаншама. Жоғарыда айтылған жылқы малын өсіруге қолайлы жағдайлармен бірге жылқыдан алынатын шикізат өнімдері (ет, сүт, қазы-қарта, қыл, қымыз, т.б.) халықтың азың-түлік өнер-кәсіптік шикізат жөніндегі өскелең қажеттіліктерін толық қанағаттандырушы, әрі жылқы көлік малы.
Қазақ елінде кең тараған ат ойындары, ат спорты (жастарды шеберлікке, батылдыңқа, жылдамдықңа, ыңшам-дылыңқа баулитынын ескерсек), жылқы малының халың шаруашылығындағы маңызы арта түседі.
Мал шарушылығынан мол да сапалы өнім алуда күшті ықпал ететін ең негізгі жұмыстардың бірі-мал дәрігерлік қызмет процестерін механикаландыру болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұған қажетті құрал- саймандар машина жасайтын өнеркәсіп орындары өте аз шығарылады, кейбір механизмдерді мүлде шығармайды. Оның себебі – сондай механизмдерді ғылми түрде зерттеп,техникалық деректерін мал дәрігерлік талаптарға сай келтіретін ғылми – зерттеу мекемелері еліміз бойынша өте аз, ал механизмдердің техникалық құжаттарын жасайтын арнаулы конструкторлық бюро мүлде жоқ. Осының салдарынан (мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда) мал дәрігерлік жұмыстарды механикаландыру артта қалып отыр. Мал дәрігерлік жұмыстарды дұрыс жолға қоюда бұл процестерді кешенді механикаландырып, одан әрі автоматтандырудың өте зор маңызы бар. Мал шаруашылығын мамандандыру және малды кешендер мен өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда шоғырландыру өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатумен бірге, оның сапасын да жақсартатын шаралар болып табылады [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық