Мәңгілік ел – идеясы

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел –идеясы»
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - мақтанышым)

Тәуелсіздік-қазақ елі үшінжарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.«Тәуелсіз елім» деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында......
Шығармалар
Толық

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» (повестен үзінді)

Айғанның төсек тартып жатып калған кезі. Малдың күндізгі бағымы, түнгі күзеті бір басына түскен Лезбай ақпанның үскірігіне қарамай қой қиынан қалқайтқан қалқаманы айналыр ұзақ жүрді де, жылынып шығайын деп үйге кірді. Ортада тұрған темір пешке көмір тастады. Ашылып қалған балаларды қымтады. Содан кейін бойын жылытайын деп, ыстық шайды ұрттай беріп еді, қой дүр ете түсті. Жүгіріп шыққан ....
Ашық сабақтар
Толық

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы

Кезінде М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов жоғары баға берген «Болашаққа жол», кейін «Инеш» аталған романнан соң жазушы Сафуан Шаймерденов көркемдігі жоғары бірталай көлемді туындыларды дүниеге әкелді. «Мезгіл», «Қарғаш», «Жыл құсы», «Ит ашуы» сияқты повестерінің өн бойына адамгершіліктің асыл арқауы өзек болған. Көркем әдебиеттің мақсаты – адамды гуманизмге тәрбиелеу, ішкі жан-дүниесін байыту десек, Сафуан Шаймерденов шығармаларында.....
kz
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – ел бақыты)

Отан. Атамекен. Тарих. Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Ғасырлар қойнауының белестеріне үңілсек, өз жерін еш жауға бастырмаған, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап .......
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес)

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ата – бабаларымыздың, ержүрек батырларымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға.......
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Сол соғыста ұрпақтарын қорғау үшін, жерін аман алып қалу үшін майдан алаңына аттанды. Сол бір сұрапыл 1941- 1945 жылдар біреуді қарындастан, біреуді ағадан, енді бірін ініден, өзгесін әкеден, анадан, туған-туыстардан айырды. Ызғарлы соғыс бәрін.......
Шығармалар
Толық

Бизнес-жоспар қалай құру керек

Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.

Бизнес және қаржы
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - тұғырым)

Қарт тарихпен тілдессек, ұлы дала қазақ деген халықтың жер бетіндегі ізі үш мың жылдың төңірегінен көзге түседі екен. Арғы тегі ғұндар мен сақтардан құралған халық содан бері – ақ жерін жатқа жайлатпай, елінің еркіндігін қорғап келеді. Әлемге апат әкелген Шыңғыс шеруді де, жоңғарлардың жойқын шабулы да оның атын жер бетінен өшіре алмады. Өте арыға бармай-ақ «Ақтабан шұбырынды» заманыны үңілсек, тұлпар мініп, беліне қылыш байлаған........
Шығармалар
Толық

Ерлік – ел мұраты

Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?!
Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!
Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?!
Мұхтар Әуезов


... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады, таусылғанда айласы.
Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші......
Шығармалар
Толық