Жомарттық пен сараңдық

Игі адамның «жомарт» аты шығады,
Ол өлсе де, «тірі» деп жұрт ұғады.

Сараң – пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды,
Жомарт – қара құлдың баласы болса да тозаққа бармайды.

Жомарт ерге ел алғысын төгеді,
Сараң атын естісе жұрт сөгеді.

Жомарт ер білім жолын жете білер,
Мал беріп, атақ алып өте білер.
Жарылқап кем-кетікті білімменен,
Жақсы атпен дүниеден өте білер.

Жомарттыққа не жетсін?
Жүйріктен құтылып не кетсін?

Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Мақал-мәтелдер
Толық

«Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Ы Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы.
А/И3. Көркем шығарманың тілі.
А/И1. Әдеби шығарманың композициясы.
Сабақтың мақсаты:
5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер?
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы.
Сабақтың мақсаты:
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Шаханов (Жомарт жүрек тағылымы)

Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін,
Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің.
Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып,
Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып. ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу)

Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын,
Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның.
Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным?
Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді,
Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі......
Өлеңдер
Толық

Жомарт өлкем

Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік.
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді.
Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады.
Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату.
- Қане балалар экранға назар аударайық
- Әншіні танимыз ба?
- Қане кім біледі, кім айтады?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Роза апамыз. Р. Рымбаева «Атамекен» әнін орындап жатыр Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап қозғалып тұрады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жомарт өлкем

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: Жомарт өлкем
Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік.
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді.
Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады.
Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату.
- Қане балалар экранға назар аударайық .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жомарт күз

Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаның әсерімен таныстыру. Күз мезгілінің байлығын, жомарттығын іс - әрекет іздену арқылы шығармашылығын дамыту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, табиғатқа байланысты халық болжамдарын сөз қорына енгізіп, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін сипаттау. Баланың ойын жеткізуге мүмкіншілік жасау. Балаларды табиғатты қорғауға, күтіп – баптауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Жапырақтар, жеміс ағашы, слайд арқылы балалардың даладағы бақылау кезіндегі іс - әрекетінің суреттерін көрсету. Күн, бұлт, торғайлар, шегірткелер.
Қолданылатын технология: ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдану.
Әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап, әңгімелесу, қайталау, жұмбақтар жасыру, сахналау.
Балалар шаттық шеңбер құрып келген қонақтармен бір - бірімен амандасу.

Армысың, қайырымды Аспан ата,
Армысың мейірімді Жер ана
Армысың алтын күн!
Қайырлы таң, қайырлы күн
Армысың достарым
Армысың қонақтар
Музыкамен жел кіреді. Жапырақ шашып, шығып кетеді.

Ой жаттығуы:
- Балалар қай уақытта жел тұрғанда жапырақтар ұшады, төгіледі.
Шашылған жапырақтың құпиясын ашу.
Әр жапырақта көрсетілген суреттен тапсырмаларды жұмбақтап айту.
- Ол жәндік
- Табиғатқа зиянын келтіреді
- Өзіне тән ерекше дыбысы бар
- Ұшады, әрі секіреді
ол не? (Шегіртке) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық