География | Жаңажол кен орнының солтүстік күмбезіндегі фонтанды ұңғылар
КІРІСПЕ
Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және траспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Жаңажол кен орны болып табылады.
Осы «дипломдық жобаның» негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жаңажол кен орны 1981 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.
Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде «А», «Б», «солтүстік В», «оңтүстік В», «Г-111», «Дв», «Дн», «Д-111» индекстерімен белгіленген.
Осы «дипломдық жоба» жұмысында Жаңажол кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі «В» бөлігін, яғни «солтүстік В» бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.
Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.
1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Кен орын туралы жалпы мағлұмат
Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды.
Жергілікте жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.
Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 400 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жыына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айлары шілде, тамыз айлары жатады.....

Дипломдық жұмыстар