Жетім көрсең жебей жүр

Иә, перзент-Алланың адам баласына сыйға тартқан періштесі. Қазақ - өз баласын жетіге дейін патшасындай сыйлаған, он беске дейін шаруаға салып жұмсаған, он бестен кейін ең жақын досындай сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін қаңғыртпаған, тастамаған ел едік, қазіргі жайтпен салыстыра отырып, көне, сүрлеуі кеткен дара жолдан адаса бастағанымызға куәлік ету неткен қасірет десеңізші!......
Шығармалар
Толық

Педагогика | Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама

КІРІСПЕ
«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді» дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі – кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
Ет жүрек елжіреп езілмей, жүйке жұқарып, көңіл босамай тұрар ма. Онсыз да тағдырлары келіспеген бейкүнә бүлдіршендердің өміріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпейді ғой, жетпейді....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау

КІРІСПЕ
Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым.
Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ерхан Болатұлы | Жетім


2007-жылдың күңіренген күзі. Мұң жамылған, тұңғиық тылсым сырға толы жапырақтар тізбегі, бейне бір сағыныш хаттары іспетті. Ақ қайыңнан саудырап түсіп жатыр...

Қаулаған гүл, қара жер қойнауына еріксіз сүңгіп, аяқ астына тапталып, кешегі жайқалған жасыл шалғын қурап жаншылған. Бейне бір, құстар үнінен еріксіз мүлгіген ауыл тынысы тарылғандай. Түнек тынған күн болатын.

Таң атып, кеш қарайған шақта, тұңғиық бір түнекке еліткен, терезе саңылауынан сұқтана төнген сәулелі нұрдан еш жылу таба алмай, жарасымы ғайыптық күй кешіп жүрмін. Себебі, ардақты асқар тау әкемнің дүние салғанына екі жылдың жүзі болған.

Аяулы, арқа сүйер анашымның, қаладағы емханадан келер күнін санап, жолын тосып жүрген кезім. Қала жақтан сыры ұшып, сүмектей сүйретілген сары автобус, аялдамадан сәл аса бере тоқтады. Үміттене, үздіккен жанарыма үш қара көрінді. Бір әйел мен екі ер кісі. «Бұл, кім болды екен» - деп, таңдана қарап тұрғанымда, қапталдан, қабырғалас көршім. «Мынау, сенің туыстарың емес пе?» - деді. Естей сала, ентіге жүгіріп, қонақтармен амандасып, қолындағы жүктерін жымыра ұстап, жәрдем етуге асықтым. Бұл үштіктің қаралы хабарды да арқалап келе жатқанын қайдан білейін...

Үйге келе сала, телефон желісінің тетігін сан мәрте бұрады да, күбірлей сөйлесті. Сәлден соң жұрт арқасы жинала бастады. Жүрегім бір жамандықты сезгендей, бір сөзді әлденеше қайталап...

— Анам. Анашым, қайда? - дедім......
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Жетім

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен күңгірт даланы әлде неге үміттендіріп тұрған сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды табиғат қуатындай болып тоңазытып, көңілді жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты. .....
Әңгімелер
Толық

Жетім Ғаббас

Баяғыда Тоқтар деген саудагер Ғаббас атты жетім баланы асырап алып, оған сауда-саттық үйретпек болыпты. Бір жылы қолына он ділдә ұстатып, Ғаббасты жәрмеңкеге жіберіпті. Бала он ділдәға бір мысық сатып әкеліпті.

Тоқтар қанша қапаланса да, «бала ғой, бір жолға кешірейін» деп үндемепті. Келесі жылы жиырма ділдә беріп, тағы жіберіпті. Жәрмеңкедегі елдің бәрі қу, жаманын жақсы деп, керексізді керекті деп бірін-бірі алдайтыны белгілі емес пе. Ғаббасқа тағы да еш нәрсе кезікпейді. Ақыры, қайтарында жиырма ділдәға бір күшік сатып алады. Оның мына ісі Тоқтар саудагерге тағы да ұнамайды. Сөйтіп, ол баланы қуып жібермек болады.

Сонда бәйбішесі:

— Ана боламын деп бауырыма басып едім. Ер кезегі үшке дейін деген, тағы бір рет кешір, – деп жалынады. Тоқтар әйелінен аса алмай, тағы да кешіреді. Бала мысығымен, күшігімен ойнап жүре береді.......
Ертегілер
Толық

Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық

Жетімнің ақысы

Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.

Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......
Ертегілер
Толық

Жетімді жылатпа

Әлімсақтан «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің парқына жете алмай жатқанға ұқсайды. Жетімдері көбейген, балалар үйінің саны ұлғайған еліміз қарасаң жүрегің қан жылайтын халге түсті.
Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақтың қазіргі күйіне кімді кінәлаймыз? Қоғам кінәлі ме, әлде мәселе әке-шешеде ме? Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Айналып келгенде барлығы да тәрбиеге, ата-ана өнегесіне келіп тіреледі. Баяғының бойжеткені мен бозбаласы қандай еді? Ал қазір мүлдем.....
Шығармалар
Толық

Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.
Мақал-мәтелдер
Толық