Сабақтың тақырыбы: « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» Тәрбие сағатының мақсаты: Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту. 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Сыбайлас-жемқорлық деген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Жемқорлық сөзі , адамға естігенде құлаққа жағымсыз, жасағанда қасірет, ұсталғанда түрме екенін түсіне ме екен?
«Жемқорлық» аты айтып тұрғандай өміріңіз қорлықпен өтетін айтпаса да белгілі.
Жемқорлық адамға бала кезден басталуы мүмкін. Соған үйренген бала болашақта оңай жолмен ақша табуды құмартады. Қазіргі біздің Қазақстанда дамып келе жатқан індет десем артық айтпас едім?
Неге? Өйткені дипломмен ауылға жастар келеді, жұмысқа тұру үшін ақша тамыр-таныскерек. Ақша табу үшін 1-2 жыл (жігіттер) қара жұмыс істеп ақша жинап жұмысқа тұрады. Ал ол дипломы мейлі көк мейлі қызыл болсын шындықпен шырылдап, білімін көрсетіп алған білімгер болса өз мамандығымен жұмыста істей алмайды. Осы сұрақ мені қатты мазалайды. Мекеме басқарып отырған басшылар оның креслосы жеке меншік дүние деген көзқарас қалыптасқан. Жеке меншік дегеніміз өзінің дегенін жасайды деген мағына.......
Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.
Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.......
Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да,күрделі дерт екені жасырын дүние емес. Демек, бұл ауыр дертпен бар күш жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді. Кез- келген салада, кез келген қоғамдық немесе жеке орындарда ауырдың үстімен....
Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз... ....
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына....
«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде......
Еліміздің егемендігіне биыл "26 жыл" толды! Осы жылдар ішінде еліміз талай - талай шыңдарды бағындырды. Біз елімізбен мақтанамыз! Ел басымыз айытқандай "Ел болашағы жастарда " демекші еліміздің өркен жайып қанат қағуына бізде зор үлесімізді қосамыз деп "Уәде" береміз!!! Алайда "әттең" деп қап ұратын қоғамда көзге ......
Румыниялық прокурор қыз бір жылда 1200 жемқор шенеунікті қылмыстық жауапқа тартқан. Бір ғана жалақымен жан бағып, жұмысына адал бола білген шенді бойжеткен Лаура Ковеши еуропалықтардың аңызына айналған деп хабарлайды currenttime.tv сайтына сілтеме жасған NUR.KZ.