"Жемқорлыққа жол жоқ" дей ма?!

 "Жемқорлыққа жол жоқ" дей ма?!

Еліміздің егемендігіне биыл "26 жыл" толды! Осы жылдар ішінде еліміз талай - талай шыңдарды бағындырды. Біз елімізбен мақтанамыз! Ел басымыз айытқандай "Ел болашағы жастарда " демекші еліміздің өркен жайып қанат қағуына бізде зор үлесімізді қосамыз деп "Уәде" береміз!!! Алайда "әттең" деп қап ұратын қоғамда көзге көрінбейтін әділетсіз тұстары өте көп. Астарламай сөздің ашығына келетін болсақ сөздің басы мынада:

Елімізде жемқорлыққа қарсы күрес азаяма десек керісінше жылдан-жылға көктеп келе жатқан алма ағашындай қаусып көбейіп келеді . Жемқорлықтың себебі неде? Оны қалай түп тамырымен жоя аламыз? Жемқорлыққа кімдер барады деген түйіткілі терең сұрақтарға қоғамның жауабы "Тойымсыздық пен Ашкөздік" дейді. Бұған қанша пайыз күмән келтіре аламыз? Қанша пайыз сенімділік таныта аламыз?
Мен осы күмәнді статистика бойынша тәлелдеп көрдім.

"8 тамызда подполковник Т. Жумказиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің қызметкерлері ұстады. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қорғаныс және қаржы министрліктерінің 5 лауазымды тұлғасы, ЖШС 4 басшысы ұсталған. Едәуір көлемде отандық және шетелдік валюта алынды. Ал 2017 жылдың қаңтарында ҚҰ Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды . «Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», - деп хабарлаған сол уақытта жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері. Сөйтіп Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Кейін оның 15 жылға сотталуы мүмкін екені айтылды.Қазанда Бишімбаев қылмыстық іс бойынша 1,2 млрд теңге көлемінде өтемақы төледі. Алайда тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, нақты үкім шыққан жоқ ". Бұл жемқорлыққа қарсы шарада ұсталғандардың бір-екеуі ғана . Ал жалпы статистикаға келсем 2017 жылда жоғары шенді депутаттармен қоса қоғамдық қызыметкерлердің 45 % жемқорлық барысында ұсталды. Оның 9-ы жоғары шенді қызыметкерлер

Міне қарап отсаңыздар әр басқан қадамыңыз көрінбейтін бір шындық. Мейлі жоғарыларды қойып мына ЖОО - на түсу үшінде " Бармақ басты көз қысты " әрекеті бірінші орында тұр. "Осыны неге жоғарылар өз қолына алмайды " деген іште ашу қалады. 11 сынып бітіріп зор үмітпен болашаққа қадам басып келген түлектердің бармақтарын тістеп қалатын сәттері өте көп . ҰБТ- да жоғары балл жинап келген жастар оқу грантына іліне алмай қаладыда, байлардың я болмаса қалтасына сеніп қалғандар мықтылардың балалары еш тер төкпестен оқу грантарын сатып ала салады. Сонда бұл тұста әділдік қайда қалды ? 11 жылдық білім қайда қалды?! Бұның өзі ЖЕМҚОРЛЫҚ емей немене? Еліміздің алға қарай өрлеуінеде осы Жемқорлық кері әсерін тигізеді. Отанымызды, елімізді шын сүйсек ең бірінші осы Жемқорлықтан арылайық ағайын ! Қазіргі таңда жемқорлыққа байланысты не бір заңдар, не бір іс шаралар жүргізілді. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты , үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған мақсатымызға жете аламыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру