Cүйгенімнен періште таптым

Керемет бір жерге апарамын, нағыз жұмақтың өзі деді... Сүйгеніме сенбегенде кімге сенемін дедім де, артынан ере бердім... айтқандай-ақ нағыз жұмактың өзі екен, ашық аспан, жымыңдаған жұлдыздар, сүйіктің қасында, одан асқан бақыт жок екен... сол жерден бір үйді жалдадық, шәйін -тамағын бердім, өзімді әлемдегі ең бақытты жандардың бірі сезіндім, көзім күлімдеп, жүрегім лүпілдеп тәнімнен шығып кетердей болды... Одан кейін шайтанымыз азғыртып, ләззатка бөлендік.... Алғашында бәрі жақсы болды, алақанында ұстады, мәңгі бірге боламыз, мәңгі сүйіп өтемін деп уәде берді. бірақ......
Махаббат хикаялары
Толық

Альберт Эйнштейннен өмірлік 31 сабақ

Альберт Эйнштейн бізге адамзат тарихында терең із қалдырған ұлы физик, бірқатар революциялық физика теорияларын жасаушы, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы ретінде таныс. Алайда біртума ғалым өз заманының данагөйлерінің бірі екенін көбі біле бермейді. Көптеген мақалаларында ол өмірден түйген ой-толғамдарымен, кеңестерімен бөлісіп отырған. Солардың кейбірін осы мақалада ұсынбақпыз.
Кеңестер
Толық

Төсектегі мінсіз әйелдерге кеңес

Еркектер төсек ойынын жақсы көреді, ал ол ойынды жақсы көретін әйелдерді одан да қатты жақсы көреді. Сондықтан артық ұялшақтықтың және жыныстық сауатсыздықтың қажеті жоқ. Олардың көзіне аздап ақымақ болып көрінгеніңіз жақсы. Мамандардың нәзікжандыларға арналған бірнеше кеңесіне құлақ түріңіздер.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Өміріңізді өзгертетін 20 дағды

Мен өзім осылардың бәрін істеймін. Бірақ кейбіреуінің әлі дағдыға айналмағаны қынжылтады. Яғни мен оларды ылғи емес, анда-санда жасап тұрады екенмін. Бірақ дағдыға айналдыру үшін барымды саламын. Сонымен осы дағдыларды тізіп шығайын:

1. Таңертеңгілік жаттығу жасаңыз.
2. Шет тілін оқи бастаңыз. Нәтиже болу үшін күнде оқыңыз, ең болмаса күнде жарты сағат бөліңіз.
3. Компьютер ойындарынан бас тартыңыз.
4. Дұрыс тамақтана бастаңыз. Фастсуд пен пайдасыз тағамдарды жемеңіз, мысалы, дөнер, көшеде сататын самса, газды сусындарды ішпеңіз (кокакола, спрайт т.с.с.)
5. Күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға даңдыланыңыз.
6. Тамақты ылғи бір уақытта ішіңіз. Ең болмаса таңғы ас пен түскі асты.
7. Ұйқыға 8 сағат бөліңіз. Бұл өзіңізді жақсы сезінуге.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Ешқашан сәннен шықпайтын 8 киім

Жаппай сатылымдардан үйіп-төгіп киім алуға болады, бірақ олар келесі маусымда-ақ жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бірақ әр қыздың гардеробында ұзақ уақыт қызмет ететін бірнеше киім болуы тиіс.

1. Джинсы ешқашан ескірмейді және сәннен шықпайды. Сондықтан басты міндетіңіз – қолжетімді бағадағы өзіңізге жарасатын джинсыларды алып қою. Қонымды джинсының бірнеше артықшылығы бар: сымбатыңызды....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Мерген Тоқсанбай (Жезөкше)

Бір ауыр мұң үйір болып басына,
Кімдер келіп, кім кетпеген қасына?!
Қойынымда жылап жатты жезөкше,
Темекінің иісі сіңген шашына.

Жапырақсыз көңілі күздей тұлданған.
(Бір жақсылық күтті ме екен бұл да алдан?)
Жанын айтам аққу....
Өлеңдер
Толық

Қызғаныштан қалай арылуға болады?

Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?

Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?

Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.

Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.

Қызғаныштан қалай құтылуға болады?

Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Тұрмыс құрғысы келетіндерге 7 кеңес

Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.

1. Таңдауда жаңылма

Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық