Олимпиадалық тапсырмалар: География (6 сынып)

6 сыныптырға арналған олимпиада тапсырмалары


1 тапсырма: Дұрыс бір жауапты белгілеңіз.(3 ұпай)
Жаратылыстану- ….
А. Адамның тіршілік ортасы
В. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі
С. Табиғат құбылыстары
Д. Ауа-райы
Е. Жер үсті денелері
2. Жердің шегінен басқа денелер қалай аталады?
А ғарыштық денелер
В. Органикалық денелер
С. Бейорганикалық....
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Әдебиеттік оқу (бастауыш 4 сынып)

Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып оқушыларына олимпиадалық тапсырмалар жинағы
Мақсаты: Оқушының білімінің тереңдігін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін дамыту, дарындылығын тану үшін үшін әдебиеттік оқу пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, ой - өрістері кеңиді, есте сақтауы дамиды, байқағыштығы қалыптасады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.
Олимпиадалық тапсырмалар жинағы оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылды.....
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (7 сынып)

7 – сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар

Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де......
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (2,3,4 сынып)

Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары
4-сынып


(25 баллов)
Тегі, аты (фамилия , имя)___________

1. Тест тапсырмаларын орында. (5 баллов)
1) Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 32
Ә) 45
Б) 42
В) 25
2) Білім күні балалар қайда барады?
А) саяхатқа
Ә) мектепке
Б) дүкенге......
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық

1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі

Кіріспе .
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін .
Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады.
Негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады.
Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді.
Парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

• Қылмыс және қылмыс құрамы

• Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық