ӘЖІМДІ аз уақытта «жоқ» ететін 1 минуттық ЖАТТЫҒУ

Күніне небәрі 1-ақ минут уақытыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Нәтижесі жылдам байқалады. Адхо Мукха Шванасана жаттығуын орындауға күніне 1-ақ минут уақыт бөліп, бүкіл ағзаны жасартып, терідегі әжімдерден құтылып, денсаулығыңызды көп аурудан сақтай аласыз. Тіпті, сымбатыңызда да өзгерістер орын алады. ....
Кеңестер
Толық

Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

• Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.

КІРІСПЕ
«Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт.
... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді...»
Х. Досмұхамедұлы

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.
Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы.
Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Біздің әрбір толғанымсыз, әсерленуіміз бен әрект - қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Өткен тәжірбиемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Адам өзінің өмірде қөріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар мида сақталады және қажет уақытта қайта жаңғыртылып, еске келеді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Омыртқа ауруларына арналған жаттығулар

Омыртқа – адамның қимыл-қозғалысын реттейтін ең маңызды мүше. Адам қартайған сайын омыртқада зат алмасу процесі нашарлап, ауру пайда болады. Бұл ауруды спондилез деп атайды. Яғни омыртқаның созылмалы ауруы. Бұл дертке шалдыққан науқас ұзақ уақыт тұрғанда, жүргенде, отырғанда омыртқасы мен тізесі аралығы түгел шыдатпай ауырады.

Ауруды болдырмау үшін не істеу керек? Ең бастысы мынадай ережелерді ұстаныңыз.

• Денені тік ұстап жүруге дағдылану керек;

• Отырған кезде омыртқаның түзу тұруын қадағалаған жөн. Ол үшін арқаға жастық немесе белдеуше сүйеп отырады; ......
Кеңестер
Толық

Дене шыныктыру | Шығыс жекпе жектің жаттығу процессін құру ерекшеліктері

Шығыс жекпе-жектері, Азия құрлығында өмір сүрген әртүрлі халықтар қашаннан бір-бірімен мидай араласып келеді. Бұл олардың арасындағы дене тәрбиесі мен спортта да анық байқалады. Ондағы ерекшелік Азия халықтарының тен жаттығуларында ұқсастық тамырларындағы біртектілік. Бұлардың барлықтары да денсаулықты сақтау мен қорғау, өз отандарының тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, жауынгерлік дайындық ретінде дүниеге келген.
Жалпы шығыс жекпе-жектерінің мынадай негізгі көздер біріктіреді. Оның негізін Оңт.-шығыс халықтарында дао философиясы, Инь-Ян күштерінің біртұтастығы (ағаш, от, жер, металл, су) өзара байланысы; йога-дене мен рух күшінің бірлігі оған психотерапиялық әсер ету; дала халықтарында бостандыққа, кеңдікке деген құштарлық құрайды.
Шығыс Жекпе-жектерін осылайша жіктеу оны меңгеру үшін қажет. Мұнда мынадай қағиданы есте сақтау қажет: әдістерді үйренуге 6 ай, дене тәрбиесі ретінде білуге 2 жыл, мәдениет деп бойға сіңірген бүкіл ғүмыр қажет дегенді ескерген жөн. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Футболды оқыту жаттығудағы әдістемесінің теориялық негіздері

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Әр түрлі елдерде соңғы бірнеше онжылдықта көптеген спорт түрлерінде орта тау биіктігінде (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) жаттығуларды өткізу кеңінен қолданылатын тәжірибе. Бұл жағдай спорттық жетістіктердің өсүіне ықпал етеді, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік, физикалық және әдістік қасиеттерін жетілдіреді.
Орта таулы аймақтарда спортшылардың тиімділігін арттыру үшін бапкердің нақты мақсаты болуы керек:
1)орта таулы аймақта болатын жарысқа дайындық
2) таулы аймақтарда спорттық жетістіктерді арттыру үшін жаттығулар
3) әр түрлі биіктерде өтетін жарыстарға дайындалу үшін
Сондықтан дайындалу мақсаттарын нақты ажырату керек.
Қазіргі уақытта, теориялық және эксперименттік зерттеулерде осы мәселеге қатысты биомедециналық жұмыстар басымдық алады.
Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Студенттердің салауатты өмір салты негіздері және дене жаттығулары

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мақсаты жайындағы, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын Қазақстан-2030 стратегиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында айтылған. Яғни қоғамымызды құруымызға, оны дамытуға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы үшіті күш салуымыз керек делінген. Салауатты өмір салтына ынталандыру, әрқайсысымыздың дене белсенділігінің ерекшелігімен, дұрыс тамақтануымызбен, тазалық шараларын дұрыс орындауымызбен т.б. ерекшеленеді.
Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық