Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
КІРІСПЕ
«Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт.
... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді...»
Х. Досмұхамедұлы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты.
Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену - балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым - ишара, бейне арқылы түсінеді.
Кіші жастан - ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз - өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық - психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.
Қазақ мәдениеті мен білім - ғылымында ана тілі - сөз мәдениеті туралы едәуір зерттеулер жарық көрді. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн - жосығын көрсету, дұрыс - бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағы әлі де жеткіліксіз. Тілдің қызметі қандай күрделі болса, оны үйретудің әдістері де сондай күрделі.
Кез келген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу – нағыз шеберлік. К. Д. Ушинский «адамның ынтасы – оның санасының есігі», - деген екен. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Балаға берілген үлгі - өнеге оның санасына сіңіп, ой ұшқырлығы, тіл көркемдігі арқылы ортаға шығады. Олай болса, жас ұрпаққа өнеге боларлық ұстаздың да тіл біліміне, сөйлеу мәдениетіне, тіл үйрету біліктілігіне қойылар талаптар да жоғары болмақ.
Тіл дамытудың басты мақсаттарының бірі балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына баса назар аудару қажет.
Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары деп біз тілдік жаттығуларды, саусақ ойындарын, сондай - ақ сөздік жұмысқа бағытталған өлең жолдарын айтып отырмыз.
Тілдік жаттығуларға тыныс алу жаттығуларын, артикуляциялық жаттығуларды, фонетикалық жаттығулар мен дикциялық жаттығулардыжатқызамыз.
Жаттығуларды жүйелі қолдану ана тілінің ережелері мен нормаларын игеруге, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға көмегін тигізері анық.
Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде қолдана отырып, оның қызықты, әрі пайдалы құрал екендігіне көз жеткізесіз.
Өз тарапымыздан жүргізген тәжірибе жұмыстарымыздың барысында ойындар мен жаттығуларды тілдік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында тиімді пайдалануға болатынын аңғардық. Әсіресе, сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін көрсетті.
Олай болса, ойындар мен жаттығуларды бірге орындайық!
Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ.
Тілдік жаттығулар
Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады.
Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.
Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз.
Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.
Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.
Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:
• мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,
• қысқа терең дем алу – ақырындап дем шығару,
• ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару
Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай - қысылмай денесін тік ұстайды. Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға көшкенде) санауды онға дейін ұлғайтамыз. Кері санауға да болады.
Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы – жүрісі - аяқталуы) алдын - ала келісіп алады.
Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.
Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:
1. Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:
- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;
- оның орындалу ретін көрсетеді;
- жаттығуды барлық балалар орындайды;
- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).
Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.
2. Күн сайын 2 - 3 жаттығуды 3 - 5 минуттан өткізу қажет.
3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.
4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.
Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет.
Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз.
Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.
Мәселен, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:
Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә... ә... ә... әлди - әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік.
Аюдың ақыруы. Аюдың тісі сарнап ауырды. Ол «А - А - А» деп аңырап отыр. Кәне, аю қалай дыбыстады?
Баудағы кім?
Ара болсаң, ызыңда
З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж
Жұмыс істе, тығылма.
- Ара қалай дыбыстайды?
(з - з - з) - қатты\жай
Жыланның ысылы.
Жылан қалай дыбыстайды?
Ыс - с — ыс - сссс....
Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О... о... о!» деп таң қалды.
Кім қалай дыбыстайды?
(баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту)
- А, аа, аа, а, а, аааааа..... (қуанышты дауыспен).
- Ааа, аа, а, а, ааа.... (аянышты дауыспен).
- А, аа, аааа, а, ааа........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.
Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады.
Фонетикалық жаттығуларды екінші тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі т. б) үйрету мақсатына қарай да қолдануға болады. Ол үшін педагог қандай дыбысқа аса мән беру қажет екендігін анықтап алуы тиіс.
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай - ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет.
Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді.
Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым
Жорта қойдым.
Тілалғыш Бек*
- Тіл алғыш, - деп
Мақтасақ біз
Біл алғыс деп.
Осы жаңылтпаштарды баланың жас шамасына, тіл үйрену деңгейіне қарай іріктеп алуға болады.
Барлық жаттығу түрін бір сабақ барысында өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3 - 5 минут, оны қай жерде қолдану қажеттігін тәрбиеші анықтайды.
Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады.
Тілдік жаттығулардың құндылығы сол, ол балалардың тілдік аппаратын жетілдіреді, жақсы дикциясын қалыптастырады.
Тілдік гимнастика
Сымбаттылық әліппесі
«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет.
Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.
«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз.
Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар