МАЗМҰНЫ 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 6.1А «Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 6.1В «Адам. Жер. Ғалам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 6.2А «Заттар және материалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР. 6.3А «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 6.3В «Энергия және қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 6.4А «Экология және тұрақты даму»бөлімі бойынша жиынтық бағалау 6.4В «Әлемді өзгертетін жаңалықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Мазмұны 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау «Адам. Жер. Ғалам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Заттар және материалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау «Энергия және қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Экология және тұрақты даму» бөлімі бойынша жиынтық бағалау «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Галактика – жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрлі үлкен жұлдызды жүйелер. Геоцентризм (лат. gео — Жер) — біздің планетарлық жүйеміздің ортасында Жер тұр, ал Күн мен басқа планеталар (ғаламшарлар) оны айналып жүреді деген тұрғыдағы концепция. Гелиоцентризм (грек. һеlіоs - Күн) — Күн жүйесінің ортасында Күн орналасқан, ал басқа планеталар оны айналып қозғалады тұрғысындағы концепция. Бірінші жаратылысты-ғылыми төңкерістің нәтижесі - Аристотельдің геоцентрлік жүйе туралы ғылымының жасалуы. Архимед (б.э.д. 287-212) — ертедегі Грецияның механика заңдарын жұмыс істейтін машиналар құрылмасында іске асыруға талпынған математикалық физиканың алғашқы ғалым-өкілі (иінтірек заңын, салмақ ортасы туралы ілім, денелердің жүзуі және басқалар). ....
Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.....
1922 жылы А.А.Фридман Эйнштейннің салыстырмалық теориясына сәйкес Әлемнің эволюциялық сипатын ашты. Бұдан кейін В.М.Слайфер галактикалардың көпшілігі (өзінің өлшеген 41 ден 36) 2000 км/с жылдамдықпен алыстап бара жатқандығын және тек, бірнеше галактиканың ғана жақындап келе жатқандығын анықтады. Кейін Күн біздің галактикамызда 250 км/с жылдамдықпен айналатындығы және осы галактикалардың жақындау жылдамдығы Күннің осы объектілерге қарай қозғалатындығына байланысты екендігі анықталды. (Алыстағы объектілердің жақындауымен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға болады. Осы эффектіге сәйкес жақындап келе жатқан күннің сәуле толқындарының ұзындықтары азайтылып, спектрдің көгілдір жағына ығысқан, ал алыстап келе жатқан күн сәулесі толқындары үлкейіп спектрдің қызыл жағына қарай ығысқан.) 1929 жылы америкалық астроном Эдвин П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың бастапқы нүктеден жан жаққа шашырайтындығын анықтады. Бұл нүкте ғаламның орталығы деп аталып, осыдан кейін ғалам қалыптаса бастаған бұл оқиға - Үлкен Жарылыс деген атқа ие болды. Физика ғылымының (релятивистік және кванттық) жетістіктері эволюциялаушы ғаламның моделін жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде бақыланып жатқан және жаңадан көзге түскен объектілердің сипаты мен қозғалуын, 1916 жылы Эйнштейн ашқан салыстырмалылықтың жалпы теориясы ғана толық сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл теорияда кеңістіктің үш өлшемі және уақыттың бір өлшемі байланыстырылған. Осылардың қосылуы нәтижесінде пайда болатын төрт өлшемді кеңістік – уақыт қисық. Оның қисық түрде болуы ғаламда зат пен энергияның болуымен түсіндіріледі. Қазіргі заманғы салыстырмалылықтың классикалық жалпы теориясынан ғаламның өмір сүруінің үш түрлі вариантын көрсетуге болады: 1) Ғалам өткен уақытта да, болашақта да шексіз мәңгі тіршілік ете алады. 2) Ғаламның басы мен соңы бар. 3) Ғалам уақыт аралығында үнемі өзгеріп отырады. С.Хокинг пен оның әріптестерінің көзқарастары екінші вариантты жақтайды: Ғалам пайда болған кезде заттардың тығыздығы шексіз үлкен, ал кеңістік – уақыттың қисаюы шексіз кішкентай болды. Осындай жағдайда физиканың заңдары да, біздің кезіміздегіден басқаша болуы керек. Қазіргі кезде физиктердің басым көпшілігі Жердегі материяның атомдық-молекулярлық құрылысын ескере отырып, ғаламның бастапқы жағдайын көз алдына елестету өте қиын деп есептейді.....