Қазақ әдебиеті | Жұмбақ жанры

КІРІСПЕ
Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем. Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол.
Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында
бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX
ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды.
Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов, А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек.
Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай, үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен кіндіктес.
Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу, басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз.
М. Әуезов 40-жылдардың өзінде-ақ: «Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет» - деп, оның көркемдік құнарлығына, бейнелігіне үңілудің қажеттігін айтқанымен, күні бүгінге дейін бұл мәселе қозғаусыз қалды. Жұмбақ бізді тек ұшқырлығымен ғана емес, әр түрлі құбылыстарды берудегі икемділік пен дәлдік, сезімге әсерлігімен, оралымдығымен сүйсінтеді. Сол себепті жанрдың бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдарына тоқталып, нақты талдаулар жасау арқылы эстетикалық тегеурінін көрсетпекпіз.
Жұмбақтағы халық өмірінің бейнеленуін, яки оның шындықпен астасқан тұсын, поэтикалық құрылымын, басқа жанрлармен қарым-қатынасын айқындау қажеттілік болып табылады. Әрбір жанрдың даралық белгісі, өзіндік қасиеті стильдік айшықтарынан айқын бой көрсетеді. Сондықтан жұмбақтың жанрлық ерекшелігін бажайламақ болсақ, оның поэтикалық, стильдік сипаты мен өлеңдік-ырғақтық түзілімін, бейнелеу кестелерін айналып өте алмаймыз. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмай келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Кеңес дәуірі және қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшіліктері

Кіріспе
Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр мәселесі жан-жақты зерттелініп келеді. Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттанушы Г.Н.Поспелов жанр мәселесі туралы: „Термин жанр употребляется в нашей науке в двух разных смыслах. Жанрами нередко называют то что издавно было принято называть „родами” литературы – эпос, лирику, драму. Но это нарушает давно сложившуюся традицию называть словом „жанр” не роды литературы, а те более частные ее образования, которые существует в пределах различных ее родов такие как например: эпопея, роман, рассказ, новелла, ода, очерк, трагедия” [1;230], – дейді.
Байқап отырғанымыздай, жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясы жайлы жазылған кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, әңгімені т.б. жатқызамыз.
„Литературные жанры обладают структурными, формальными свойствами, имеющими разную меру определенности. На более ранних этапах на первой план выдвигались и осознавались как доминирующие именно формальные аспекты жанров. Жанрообразующими началами становились и стиховые размеры и строфическая организация и ориентация на те или иные речевые конструкции и принципы построения,” [2;372] – деген В.Е.Хализовтың пікірінше әрбір жанрлық туындының жанр түзуші белгісі болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, біздің бітіру жұмысымыздың нысаны „...шағын көлемді эпикалық жанр әңгімеде өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс. Авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі, композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ келеді,” [3;290]– дейді белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов.
Шағын көлемді эпикалық түр әңгіменің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Қазақтан шыққан тұңғыш әдебиеттанушы-ғалым А.Байтұрсынұлы 1926 жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жазба әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, оны: 1) әуезе, яки әңгіме 2) толғау тобына қарайтын сөздер, 3) айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп үш түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп, А.Байтұрсынұлы:
„Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады:
1. Ертегі жыр 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме (роман). 5. Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең немесе әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал.
9. Ұсақ әңгімелер” [4,32], – дейді.
А.Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, – деп нақтылай түседі. Одан әрі: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды”, – деп „әуезе түрлерін” одан әрі қарай жіктеп, жүйелеп береді.
А.Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы” „ұлы әңгіме” деп отырғаны – роман, „ұзақ әңгіме” деп отырғаны – әңгіме жанры екені түсінікті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Руxани жаңғыру бағдарламасы

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік....
Шығармалар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды......
Шығармалар
Толық

Тағдыр кейде көндірмес құламауға

Тағдыр кейде көндірмес құламауға,
Жығылсам да тырыстым жыламауға.
Бос көңілім тек қана жасқа толды,
Шыдамай әділетсіз бұла дауға.

Қайтейін өмірімді тұманды еткен,
(Қолыма алмадым ба Құран көптен?)
Алайда Жаратқанға....
Өлеңдер
Толық

Күттім, сендім, бəріне де шыдадым

Күттiм, сендiм, бəрiне де шыдадым,
Өз-өзiмдi жұбатып мен алдадым.
Күндер өтiп, айлар өтiп бip күнi,
Маган, жаным, келерсiң деп ойладым.

Күттiм, сендiм, бəрiне де шыдадым,
Сезімiмдi түсінсеңшi шырағым.
Қиын маған, қиын....
Өлеңдер
Толық

Жұмбақ: Жан-жануарлар

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)

Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы)

Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап. (Бұғы)
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Сүйіп көрмеген адамның сөзі

Махаббат шыңы өмірдің өзі,
Көретін жалғыз көңілдің көзі.
Сезімді жалған, тұрақсыз дейтін
Сүйіп көрмеген адамның сөзі.

Ғашықтық мүлдем өзгеше әлем,
Жаныңа сая, таусылмас бар ем.
Ұнатам деген....
Өлеңдер
Толық