Жансая Ғалымжанқызы Мусина (1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған) — айтыс ақыны. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2017). Жансая Ғалымжанқызы Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген. 2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген. 2002 - 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты. 2005 жылдан айтыс өнерінде.....
Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабек (1975 жылы 3 шілде, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы) — айтыскер ақын, Асыл арна телеарнасының негізін салушысы әрі директоры. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітірген. 1992-1996 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «филолог, орта оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік тәмамдаған. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша 1998 жылы магистр, 2000 жылы аспирант дәрежесін алған. Шетел тілдері мен іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша түлегі (2011). Мұхамеджан Оразбайұлы қазақтың төл өнері айтыс сахнасына 1987-88 жылдары оқушы кезінен шыға бастады. Айтыс өнеріне баулыған ұстазы Айтмұханбет Исақов. Алғаш рет ақындар айтысына түсіп 1990 жылы үшінші орынды жеңіп алған.....
Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші. Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан. Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.[1] Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.....
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Нұржан Төлендиев – актер, "Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры. 1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 25 жасында Түркістандағы және Сайрамдағы "Мәдениет үйін" басқарған. 2017 жылы Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды. Нұржан қалай "Тука" атанды? Нұржан Төлендиев халыққа "Шаншардағы" қайталанбас образдары арқылы танылды. Ол бұл театрда жүргенде қазақтың сатира өнеріне жаңа леп, сілкініс әкелді. Әртістің шынайы таланты, табиғи дарыны да осы "Шаншарда" ашылды. Ерекше қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында аз уақытта өзін мойындата білді. Талантты актер көпшіліктің көңілін жаулап алғаны соншалық, жұрт оны сомдаған кейіпкерлерінің атауымен – "Тука", "Қошан" деп атап кетті[left][/left]....
Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын. Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..» Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Ел арасында «Қап-қарашка» атанып кеткен әнші Нұржан Керменбаев 1989 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысының Жезді ауылында дүниеге келген. Алдымен Жезқазғандағы музыкалық колледжде, кейінірек Алматыдағы Орталық Азия университетінде білім алған. Ол 2006 жылы «Superstar.kz – 3» телевизиялық жобасында жеңіске жетіп, жарқырай көрінді. Осыдан соң, әншінің қазақ эстрадасындағы жемісті жолы басталды. 2009 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық «Новая волна» байқауына қатысты. Нұржан алғашында «Арнау» дуэтінің құрамында «Superstar.kz – 3» жобасына бірге қатысқан әріптесі Жанар Хамитовамен бірге ән салды. Кейін Жанар жеке жағдайларына байланысты топтан кеткенде, оның орнына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Салтанат Бақаева келді. Салтанат Нұржанмен тез тіл табысып, дуэттің одан ары танылуына ерекше үлес қосты. Бұл дуэттің репертуарындағы «Аңсарым сен», «Егіз-лебіз», «Адалдық», «Махаббат жыры», «Астана – махаббатым менің» әндерін халық жылы қабылдады.....
Өмірбаяны Бауыржан Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әке-шешесі зейнеткер. Байбек Қыдырғали Мұқаметәмірұлы "Алматы қаласы бойынша жолаушыларды тасымалдау" КМК бастығының орынбасары болған. Ал анасы Алтынай Құнғалиқызы "Қазтамақөнеркәсіп" бөлімінің бастығы - бас маманы қызметін атқарған. Әкесі Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сыныпта оқыған. Білімі Бауыржан Байбек Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатты тәмамдаған. 1994 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Германияға оқуға кетеді, онда бір жылдай Бремен қаласындағы Гете институтында неміс тілін оқиды. Одан соң Любек қаласындағы Жоғары музыкалық мектепте үш жыл оқиды. 2002 жылы Орталық Азия университетінің халықаралық экономист мамандығы бойынша диплом алады. Саясат ғылымдарының кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.....
Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан). ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері (2017).
Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген. 1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген. Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген. ....