Айлин
Айлин есімінің мағынасы - «Ай нұры» деген мағына береді. Негізінен, бұл есім түрік қыздарына жиі қойылады.
Айлин есімінің мағынасы - «Ай нұры» деген мағына береді. Негізінен, бұл есім түрік қыздарына жиі қойылады.
Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.
Ясина есімінің мағынасы — араб тілінде Құранның 36-шы «Ясин» сүресі атауынан құралған. Бұл қыз есімі мейірімді, тура жол жүретін, таза жанды деген мағына білдіреді. Тағы басқа мағынасы — славяндық есім, жарқын мағына береді.
Арнұр есімінің мағынасы — бұл есімнің мағынасы арлы әрі нұрлы деген мағынаға ие.
Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.
Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.
Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.
Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.
ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң санайды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елінің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат.