Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі

1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы.
Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.......
Шығармалар
Толық

Ардагерлер-естелігі соғыстың

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!......
Шығармалар
Толық

Естен кетпес отты жылдар

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты. ......
Шығармалар
Толық

Естен кетпес мәңгілік

1941 жылы 22 маусымда фашисттік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Германияның билеушілері КСРО–ны көп ұлттың өкілдері бұлар тұрақсыз, бірлігі жоқ ел деп білді. «Ғылыми-зерттеу институты» деп аталған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірлеген екен. Орта Азия мен Қазақстанды Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру белгіленген. Гитлершілдердің басты мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халықты құлдықта ұстап дүниежүзіне үстемдік орнату болған. Мұның барлығын алдын-ала терең ойластырып фашист идеологтары кеңес адамдарын аяусыз қинап – өлтірудің кең көлемді бағдарламасын жасаған. Бірақта КСРО азаматтары бұл жоспарды жүзеге асырмады. Зұлымдық ойдың тас-талқаны шықты.
Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бүкіл елдің адамдары міндетті әскери даярлықтан өткен. Майданға Қызыл Армия қатарына 1200000 жуық қазақстандық аттанды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еріктерімен жазыла бастады. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. ......
Шығармалар
Толық

Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық

Отты жылдардан естелік

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Шығармалар
Толық

Ерлік есте сақталады

Алғашқы күннен бастап, 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел-жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен күлкі, жайдарылық, жылылық сезілді. Өйткені, «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде тарады. Сондықтан 1417 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулары да аңсады, армандап асыға күтті. Сол күн туды. 9 мамыр мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілік құтылғандай сезінді. Неміс басқыншылары басынан бақайшағына дейін қарулы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы – патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайны қарттан емшектегі балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян-қолтық соғысқа қарсы соғысты. Қарттардың, сәбилердің қынадай қырылуы олардың кеуделерінде кек отын тұтандырды.......
Шығармалар
Толық

Жауынгер ата естеліктері

1941 жылы маусым айында бейбіт жатқан ел шетіне жау тиді. Отанды жаудан қорғау үшін әкелер мен ағалар, жауқазындай жастар, қызғалдақтай құлпырған қыздар шүберекке жанын түйіп, майданға аттанды. Майдан даласынан елге оралғандар да, хат-хабарсыз кеткендер де болды. Иә, өлгендер қайтіп келмейді. Ал мен тілге тиек отырғалы отырған қарт жауынгер, жерлес ата Қожанов Айнағұл екі мәрте өлгендердердің тізіміне ілігіп, тірі қалады. Әке-шешесіне бірінде Айнағұлдың қаза болғаны, екіншісінде хабарсыз кеткендігі туралы қара қағаз тапсырылған. 1948 жылы елге қайтып оралғанға дейін екі бірдей қара қағаз алған ата-анасы, ағайын-туыс Айнағұл атаның не өлі, не тірі екенін біле алмай дал болған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Айнағұл атаға осы екі рет «өліп», тізімге іліну себептерін айтып берсеңіз деп қолқа салдық. - Шырақтарым, бұл өзі ұзақ әңгіме ғой» - деп ата бір күрсініп, әңгімесін бастап кетті. Біз бір әулеттен соғысқа тоғыз жігіт аттандық. Содан тірі оралған жалғыз мен. Майданда елің, жерің үшін жан пида, тіпті өзіңді ерлік көрсетуге міндетті санайсың. Он жеті жасымда қан майданды көрдім. Алғашқы соғыс қадамым бронетанк әскерінің Бас қолбасшысы Ротмистровтың жауға соққы беретін танк армиясынан басталды. Осы армияның жеке барлауға арналған мотоциклицстер полкінде бізге аса жауапты әскери тапсырмалар берілді. Полк жауынгерлерінің міндеті барынша құпия жолдармен жау тылынан өтіп, тірілей «тіл» және жаудың құпия құжаттарын әкелу болатын. Барлаушымыз десек те болады. Осындай маңызды тапсырмамен жаудың тылына жиі барып тұратынбыз. Бірде бес адам жауапты тапсырмамен жолға шықтық. Бұл 1943 жылдың 12 желтоқсаны еді. Біз 18 күнде өзімізге берілген тапсырманы орындап, әскери бөлімге қайтып келдік. Жау тылына кеткен 5 жауынгерден мен және Көшекбаев Төлеухан деген аталарың екеуміз ғана аман қалдық. Он сегіз күн бой бізден хабар ала алмаған соң полк басшылары бізді қаза болғандар тізіміне қосып, елге қара қағаз жіберіпті. Міне – бұл менің бірінші «өлгенім». ......
Шығармалар
Толық

Сарғайса да тарихтың әр парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы.
Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. .
..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді.
Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады.
Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Шығармалар
Толық