Самарқан хан

Ерте заманда аңшылықпен күнін көрген бір кемпір мен шал болыпты. Бірақ өмір бойы бір перзентке зар болып жүріпті. Күндерде бір күн кемпір жүкті болып, қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті болыпты. Бұл жолы ер бала туыпты. Сөйтіп, кемпір-шал баласының атын Самарқан қойыпты. Міне, осымен Самарқан өсіп, ержете бастайды. Әке-шешесі оны жанындай жақсы көреді. Ол бала өскен сайын ақылды болады. Неше түрлі өнер шығарады. Жасы толғаннан......
Ертегілер
Толық

Зеректік

Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:

— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.

Жолаушының біреуі:

— Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Бақа

Баяғыда Бақа деген бір шал болыпты. Ол өзі «қой аузынан шөп алмайтын» момын екен, еш уақытта да бір адамға «сені ме!» деген қатты сөз айтпапты. Осы мінезіне қарай, Бақаны жұрт келемеждеп «әулие» деп атапты. Бара-бара Бақа деген аты ұмытылып, оған Әулие деген ат тағылыпты.

Бақа бір күні бір топ адамға ілесіп, қалаға шығыпты. Қаладан қайтып келе жатқанда, нөсер жаңбыр жауып, көппен бірге жолдағы бір үйге қонуға душар болыпы. Бұлардың қонған үйіне, ел қыдырып, сауда істеп, жұртты алдап, мал тауып жүрген бір бақалшы саудагер де қонады.......
Ертегілер
Толық

Қыз бен тазша

Бұрынғы өткен заманда бір қыз патша болған екен. Қыз патша күндердін бірінде қол астындағы халқына: «Кімде-кім мені алғысы келсе, жатқан жерімнен қозғамай, үш рет тек сөзбен көтерсе, сол кісіге тиемін», – деп жар салады. Сол уақытта бұл хабарды бір тазша естіп, қыз патшаның үйіне келіп:

— Тақсыр, арызым бар, рұқсат етсеңіз, айтар едім! – деп сұрайды. Қыз патша рұқсат етеді, тазшаның сондағы айтқан арызы мынау екен:

— Бұрынғы уақытта бір молда, бір ......
Ертегілер
Толық

Ат бағушы құл

Бұрынғы өткен заманда бір ханның үш тұлпары болыпты. Бұл тұлпарын өзінің бір өте сенімді құлына бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын ат бағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке тапсырып алып тұрады екен.

Бір күндерде хан уәзірлермен өзара кеңесіп отырып:

— Менің тұлпарымды бағушы құлым өмірінде өтірік айтпайды, мұндай да өтірік айтпайтын адам болады екен, – депті.

Сонда қасында отырған бас уәзірі:

— Тақсыр-ау, өтірік айтпайтын адам баласы бола ма екен? Ол құлыңыздың өтірік айтуына тура келетін істер кезікпей жүрген шығар, – депті.

Сонда хан:

— Ол құлым өліп кетуіне қайыр, бірақ өтірік айтпайды, – депті.......
Ертегілер
Толық

Сапаһи

Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу әйелі болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті.

Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы ауқатты адам болса да, басқа әрекеті болмаған соң, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара тұрмысы тіпті нашарланып кеткен соң, бір күні әйелі отырып Сапаһиге:

— Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, жұрт қатарлы істеп жүрген тіршілігіміз жоқ. Енді жанды қалай......
Ертегілер
Толық

Биология | Ерте жастағы балалардың аурулары

Ерте жастағы балалардың аурулары. Ерте жастағы балалардың тамақтануының созылмалы бұзылыстары.



Арулардың анықтамасы, жіктелуі

аурулардың даму себептері, белгілері, диагностикасы

асқынулары,емі ,алдын алуы

клиникасы мен емі

науқас нәрестелердің күтім принциптері

Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса, бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді.



Егер баланың дене құрылысы оның мөлшерлік нормасынан артық немесе кем болса, бұл балалар дистрофиктер деп аталады.



Салмағы мөлшерден артық балаларды паратрофиктер деп атайды.



Салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдайды гипотрофия деп атайды.



Балалардағы дистрофия – бұл созылмалы тамақтану бұзылысы, онда асқорыту қызметінің бұзылуымен қатар,зат алмасу мен клеткалар мен тіндердің сіңіру қызметі де бұзылады. Олдене және жүйке–психика дамуынтежеп, бала организмінәлсіретеді. Дистрофия ауыр және созылмалыинфекциялыауруларпайдаболуынабейімдейтінқолайсыз фон болыптабылады. Дистрофиялыбалаларды осы ауруларбойынша "қатер” тобынажатқызады.

.....
Рефераттар
Толық

Патша мен бүркіт

Бұрынғы заманда, ылғи аң аулауды әдет қылған бір патша болыпты. Күндерде бір күн аң аулап жүрсе, ағаштың басында бір бүркіт отыр екен дейді. Патша көріп, атайын деп ыңғайланған екен, бүркіт:

— Ей, патша! Мені атпаңыз, мен сізге бір уақытта керек болармын, - депті. Патша оның сөзін елемей, атуға тағы ыңғайланады. Бүркіт әлгі сөзін қайта айтып, жалына беріпті. Бүркіт үш рет жалынғаннан кейін патша ойға қалады да бүркітті үйіне алып келіп, екі жылдай асырайды. Екі жылдан кейін патша кедейленіп, асырауға шамасы келмейді де бүркітті қоя береді. Бірақ бүркіт қанатын көтеріп ұша алмайды.......
Ертегілер
Толық

Айдаһар қатын


Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күні болғанда, Байбатыр тағы керуен басы болып, өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бір шаһардың үстінен шығады. Бұлар жанына қонып шаһардың ішін қараса, ішінен бір адам табылмайды. Біраздан соң бұлардың алдынан бір сұлу қыз шығып, жылап, сырын баян етіп, бастан кешкенін айтады.......
Ертегілер
Толық

Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғаңда, бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта Құдай тағала бізге бала бермеді. Еңді біз бала тілейік», – депті. Күндегі әдеті бойынша ерте тұрып қараса, көк бие бір бала туыпты. Мұны көріп бай мен кемпір қуанып, үйіне алып келеді, бұл баланың атын Құлатай батыр қояды. Бір......
Ертегілер
Толық