Сәмеке хан мен Cамархан хан

Ерте, ерте заманда дін, мұсылман аманда бәйбішесі ертерек өлген, өзінің де жәй-шамасы өлерменге келген бір шал болыпты. Шалда азғантай ғана қой, ешкі малы болыпты. Ол малды үш баласы жаяды екен. Соның өзіңде ол малды үшеуінің кішісі жаяды екен. Үлкен екеуі еріншек, жаны аяулы екен.

Байқұс шал ауырып қалады. Ауырған соң өлетін уақыты жеткенін біліп, үш баласын шақырып алады.

Сонда шал бүй дейді:

— Қарақтарым, мынау дүниені түп-түгелімен бір құдай ғана билейді. Ол сенің өз бұйрығынан қашқаныңды сүймейді. Ол ешкімге басын имейді. Жақсылық жерде қалмайды, иман отқа күймейді. Мен де жартысын кештім мынау жалғанның. Бірақ біреудің бір сабақ жібін алмадым. Нашардың көз жасына қалмадым......
Ертегілер
Толық

Бұқабай мерген

Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін кісі екен. Лепіре сөйлегенде, елді аузына қаратып, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, шімірікпестен соғып отырады екен.
— Қантар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара жолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қия тастан қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқа жіберіп ұрып, түлкінің бәрін жау жапырақтай түсіріп, сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым.......
Ертегілер
Толық

Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп......
Ертегілер
Толық

Аңқау мен ұры

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушылап шығады. Келе жатып тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Мұны екі ұры көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп, біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан жүріп отырады. Екіншісі есекті......
Ертегілер
Толық

Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.......
Ертегілер
Толық

Үш қу

Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп ......
Ертегілер
Толық

Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай

Баяғы өткен заманда Қағанақбас, Қылкеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен.
Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сойыпты. Тоқтыны сойып, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа......
Ертегілер
Толық

Қорқау шал

Бір қорқау кісі болыпты. Ол үйленгеннен кейін әйелі бір ұл тауыпты, тұңғышынан кейінгі баласын «шыр» етіп жерге түскенде-ақ әкесі даяр отырады екен де, өзі жеп қояды екен.

Сөйтіп ол жеті баласын жеп қойыпты. Әйелі тоғызыншы балаға жүкті болады. Жалғыз ұлы әкесінің өз балаларын жеп қоятынын білген соң ендігі бауырын аман алып қалуды ойластырады.......
Ертегілер
Толық

Жаһанша

Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.

Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:

— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.

Сонда патша айтыпты:

— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:

— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ертегілер
Толық

Мұстақым

Ертеде Мұстақым деген бай болыпты. Оның еркек баласы болмапты. Он бес жасар әйел баласы болыпты. Байдың байлығы сондай асқан, басқа түгіл патшаға да жеткен. Бай сапарға бір шыққанда отыз қоспен шығады екен. Бір-бір қоста отыз мың сом сауда істейді екен. Күндердің күнінде көп жолдастары бар отыз қоспен саудаға шығыпты. Түстік жерге барып қоныпты. Түсте екі малшысы суға бара жатқанда қалың шөптің арасынан бір адамның қу басын көріпті. Ол қу басқа қараса, екі көзінің ішінен екі көк шөп шыққан. Әлгі екі малшы тамашалап, «қалай шыққан» деп қарап, су алып қайта қайтқанда басты айналдырып......
Ертегілер
Толық