Аю мен маса

Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құлағынан тартып қинайды. Тіпті бір құлағынан бұрап, жұлып тастай жаздайды. Қоян қатты қапаланады.
— Құлақ жазылар, көздің жасы құрғар-ау, бірақ кегім тарқамас! Не үшін қорлық көрдім! Маймақ аяққа кездесіп қалсам, құримын ғой! Оған жұлғыза беруге құлағым шыдай ма! Аю осы ормандағы аңдардың ең күштісі, мұңыңды кімге барып шағарсың? Қасқыр мен түлкі де оның араларынан қыл өтпейтін сыбайлас достары! Енді кімнен қорғаныш табармын! – деп жылайды ол.
Сол уақытта қалың қамыс ішінен:
— Маған қорғала! – деген бір жіңішке дауыс шіңк ете түседі. Қоян сол көзінің қиығын тастап еді, маса екен.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.......
Ертегілер
Толық

Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық

Қасқырдың қамқорлығы

Ерте заманда, шағын шаруалы бір адам өмір сүріпті. Оның үш баласы, әйелі болыпты. Балаларының есімі бір-біріне ұқсас болыпты. Ең үлкен баласының есімі Қапты, ортаншы баласының есімі Бапты, кіші баласының есімі Сақты екен. Сонан Қапты, Бапты, Сақты үшеуі күн сайын бау ағашын күзетіп жүріпті. Күн сайын баудан алма жоғала беріпті.
Сонан бір күні алма ағашын күзетуге Қапты, Бапты, Сақты үшеуі де келсе, бір құс алманы шоқып жеп отыр екен. Үшеуі шап беріп, құсты ұстап алады. Құс зорға талпынып, бір қанатын қалдырып, ұшып кетеді. Сонан үшеуі келіп, әкесіне көрген уақиғаларын баян етеді. Алманы ұрлап жеп жүрген мына құс екен деп, құстың жалғыз қанатын әкесіне әкеп береді. Қанат жай қанат емес, алтын қанат болып шығады. Сонан әкесі отырып мынаны айтады......
Ертегілер
Толық

Екі лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, ана жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
— Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады.
Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың – ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын.......
Ертегілер
Толық

Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.

Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:

— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.

— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қу түлкі

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді.

Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес, – дейді.

— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі.

— Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс.......
Ертегілер
Толық

Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Бақа мен кірпі

Көлшік маңындағы көгалда бақа мен кірпі бір-бірінің түрін көріп, қайран қалысыпты. Көзі бадырайып, жүрегі лүпілдеген бақа:

— Тұла бойың түгел тікенек, не деген тұрпайысың! – депті кірпіге, бақаға батпай бұйығып тұрған кірпі:

— Өзгелердің көзінше тұла бойын тыртитып сенің түрің де келісіп тұр екен! Түріңді көргенде, денемнің түршіккенін-ші! – деп, тікенектерін тікірейтіп, тұмсығын тыжырайтып, күліп жіберіпті.......
Ертегілер
Толық

Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық